Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Диқандарға несиелендірудің жаңартылған бағдарламасы таныстырылды
    Жаңалықтар

    Диқандарға несиелендірудің жаңартылған бағдарламасы таныстырылды

    Айғақ медиаАйғақ медиа16.02.2017193 Views
    Оңтүстік Қазақстан облыс әкімдігінде облыс әкімінің орынбасары Бауыржан Жамаловтың төрағалығымен   2017 жылы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын несиелендірудің жаңартылған бағдарламаларын таныстыру мақсатында арнайы жиын өтті. Шараға аудан басшыларының орынбасарлары мен ауыл шаруашылығы саласында еңбек етіп жүрген 100-ге жуық кәсіпкер қатысты.
      Биылғы көктемгі егіс жұмыстарына республикалық бюджет қаражатынан 60 млрд теңге бөлініп отыр. «Аграрлық несие корпорациясының»  тікелей қарыз алушылары үшін несиенің жылдық мөлшерлемесі 3 пайызды құрайды. Яғни пайыздық мөлшерлеме былтыр 5 пайыз болса, биыл ол 2 пайызға төмендетілген.
      «Егер несие екінші деңгейлі банктер арқылы берілсе, соңғы қарыз алушы үшін несие мөлшерлемесі 6 пайыздан аспайды. Ал егер қаржыландыру кредиттік серіктестіктер мен микроқаржы ұйымдары арқылы үлестірілсе, несие мөлшерлемесі 8 пайыздан жоғары болмайды»,- деді «Аграрлық несие корпорациясы»  АҚ өңірлік даму департаментінің басқарушы директоры Айжан Кенжебаева.
      Бұл қомақты қаржы үш бағытта жұмсалады. Бірінші бағыт — екінші деңгейлі банктердің кепілдігімен Аграрлық несие корпорациясынан 40 млрд теңге бөлінеді.  Екінші бағыт – фермерлерді екінші деңгейлі банктер арқылы қаржыландыру. Бұл бағытқа 15 млрд теңге бағытталып отыр. Үшінші бағыт – несиелік серіктестер және микроқаржылық ұйымдар арқылы қаржыландыру.
       Сондай-ақ биыл басым дақылдарға да несие белгіленіп отыр. Бар қаражаттың 20 пайызға жуығы майлы дақылдарға, шамамен 5 пайызы арпаға және 75 пайызы басқа дақылдарға бағытталуы тиіс. Басымдық берілген дақылдар бойынша көктемгі егіс жұмыстарын несиелендіру 1 сәуірге дейін созылады,  одан әрі қарай   қалғандары қаржыландырылатын болады.
      Еске сала кетейік, осы жылдан бастап көктемгі егіс жұмыстарын жүргізуді несиелендіру мәселелерімен, инвестициялық жобаларды қаржыландырумен «Аграрлық несие корпорациясы»  АҚ айналысатын болады.
      Сонымен, өтініш қабылдау басталды. Қазақстанның барлық облысы бойынша көктемгі егіс жұмыстарын несиелендірудің жаңартылған бағдарламасын таныстыру 22 ақпанға дейін жалғасады.
    ОҚО әкімінің баспасөз қызметі
    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ПУМСЭ ТАЕКВОНДОСЫ РЕСМИ МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ

    18.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАҒА – 33 ЖЫЛ

    18.11.2026

    ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУЕТІ

    18.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.