Ертең 2017 жылғы 17 ақпанда сағат 10.30-да (басталатын уақыты 11:00) Шымкент қаласындағы «Түркістан» сарайында Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаевтың өткен жылғы атқарылған жұмыстары бойынша халық алдында есеп беру жиыны өтеді.
Онда әкім өткен 2016 жылы өңіріміздің экономикалық және әлеуметтік салаларында атқарылған жұмыстарға тоқталып, алдағы жылдары іске асырылатын жұмыс жоспарлары туралы баяндайтын болады.
ОҚО әкімінің баспасөз қызметі