Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»ОҚО ӘКІМІ АППАРАТЫНЫҢ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
    Жаңалықтар

    ОҚО ӘКІМІ АППАРАТЫНЫҢ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

    Айғақ медиаАйғақ медиа15.02.2017256 Views

    Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаев әкім аппаратының басшылық құрамы мен басқарма басшыларына жаңа тағайындалған аппарат басшысын таныстырды.

    Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің өкімімен облыс әкімі аппараты басшысы лауазымына Әуелхан Елтайұлы Тұрғынбеков тағайындалды.

    Облыс әкімі аппаратының алдында тұрған  шешілуі тиіс мәселелерге тоқталған өңір басшысы тағайындалған аппарат басшысына жаңа міндеттер жүктеді.

    «Әуелхан Елтайұлының осыған дейін де облыс әкімі аппараты басшысы болғанын білесіздер, сондықтан оның жинақтаған мол тәжірибесі алдағы жұмысына  үлкен көмегі тиетін  болады. Осыны ескере отырып, облыс әкімі аппараты қызметіндегі өзекті мәселелерге терең талдау жасап, жұмыстың тиімділігін  қамтамасыз ету, кадрлық құрамды нығайту және тәртіпті күшейтуді. Мемлекеттік  қызметшілерді  кешенді аттестаттау іс-шараларын жоғары деңгейде ұйымдастыруды. Президент Әкімшілігі, Премьер-Министр Кеңсесі және өзге де жоғары органдардан келіп түсетін тапсырмалардың, облыс әкімі тапсырмаларының уақтылы және сапалы орындалуын қамтамасыз етуді. Аудан әкімдері  мен облыстық басқармалардың арасында өзара іс-әрекеттестік деңгейін арттыруды тапсырып, осы жұмыстарды тиісті деңгейде іске асыратыныңа сенім білдіремін»,-деді әкім.

    Әуелхан Елтайұлы 1959 жылы 29 қазанда Оңтүстік Қазақстан облысы Төлеби ауданында туылған. Білімі жоғары, мамандығы бойынша инженер-механик, инженер-экономист.

    Еңбек жолын 1981 жылы Шымкент облысы Ленгір ауданы «Сельхозтехника» өндірістік бірлестігінің аға инженер-технологы ретінде бастаған.Кейін аудандық және облыстық комсомол ұйымдарында, жергілікті атқарушы органдарда басшылық қызметтерде еңбек етіп, Төлеби, Шардара, Сайрам аудандарының әкімі, «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары лауазымдарын атқарған.2016 жылдың тамызынан бастап осы күнге дейін Түлкібас ауданының әкімі болып қызмет атқарды.

    ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

     

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ПУМСЭ ТАЕКВОНДОСЫ РЕСМИ МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ

    18.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАҒА – 33 ЖЫЛ

    18.11.2026

    ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУЕТІ

    18.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.