Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Чехия ЭКСПО-2017 көрмесінде озат технологияларын ұсынады
    Жаңалықтар

    Чехия ЭКСПО-2017 көрмесінде озат технологияларын ұсынады

    Айғақ медиаАйғақ медиа08.02.2017173 Views

    Чехия Республикасы Парламенті депутаттарының делегациясы ЭКСПО-2017 нысандары мен ұйымдастыру кеңсесін көріп шықты, деп хабарлады ҚР Премьер-инистрінің баспасөз қызметі.

    «Астана ЭКСПО -2017» ұлттық компаниясының Басқарма Төрағасы Ахметжан Есімов Чехия Депутаттар Палатасының Төрағасы Ян Гамачекпен кездесті.

    Кездесу барысында екі жақ ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысты сұрақтарды талқылады. А. Есімов, өз кезегінде, бүгінгі күні 115 мемлекет пен 18 халықаралық ұйымдар көрмеге қатысатындығын ресми растап, павильондарды беру ауқымы белсенді жүріп жатқанын атап өтті. Соның ішінде 18 мемлекет өз павильондарын алып, тақырыптық безендіруге кірісті.

    Өз кезегінде Я. Гамачек жаңа қуат көздерін қолдайтын мемлекет ретінде Чехия үшін ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысу маңызды екенін айтты.

    «Чехия делегациясының сапары ЭКСПО көрмесін тамашалаумен тәмамдалуы, чехтардың көрмеге қаншалықты мән беретіндігін аңғартса керек. Әсіресе, көрме тақырыбы қызықты. Көрмеге дайындық барысымен танысып шықтық, оның ең жоғарғы деңгейде өтуіне сенімдіміз», — деп атап өтті Чехия мемлекеті Парламент депутаттар Палатасының Төрағасы.

    Сонымен қатар, Я. Гамачек көрменің ашылуына Чехия Президенті қатысатындығын айтты. Көрмеде чехтар өздерінің баламалы энергия көздерін пайдалану саласындағы ең озық заманауи технологияларын көрсететіндігін жеткізді.

    Басқосуда Чехия Парламентінің депутаттары оларды қызықтырған сұрақтар қойды. Атап өтсек, Збынек Станюра көрме кезінде жұмыс орындарының санын сұрады. Ұлттық компанияның директоры бұл дағдарысқа қарсы жоба екенін атап өтіп, 50 мыңға жуық жұмыс орыны ашылғанын баяндады.

    Кездесу соңында Чехия мемлекетінің депутаттары Көрме кезіндегі 15 маусымда өтетін Чехия Республикасының ұлттық күніне келетіндіктерін айтты.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ПУМСЭ ТАЕКВОНДОСЫ РЕСМИ МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ

    18.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАҒА – 33 ЖЫЛ

    18.11.2026

    ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУЕТІ

    18.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.