Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Иманғали Тасмағамбетов Алаш қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының мұражай үйінде болды
    Жаңалықтар

    Иманғали Тасмағамбетов Алаш қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының мұражай үйінде болды

    Айғақ медиаАйғақ медиа28.01.2017240 Views

    Еліміздің саяси тәуелсіздігі жолында күресіп, рухани мәдениетіміздің көшбасшысы болған Ахмет Байтұрсынұлының есімі мен еңбектерін ұзақ уақыт бойы айтуға тыйым салып, «тұмшалап» келгенімен, айтулы тұлға еңбегі халқы үшін мәңгілік өшпейтіндігін мойындатты.

    А. Байтұрсынұлы мұражай үйінің директоры Райхан Сахыбекқызы вице-премьер Иманғали Тасмағамбетовті мұражай жұмысымен және ақынның жәдігерлерімен таныстыра отырып, түйткілді мәселелердің бар екенін жеткізді.

    Вице-премьер өз кезегінде алаш зиялыларының құнды мұраларын жинақтап, сақтауға келгенде аянбай еңбек ету қажет екенін айта отыра, осы дүниелердің құндылығына да ерекше тоқталды.

    «1934-1937 жылдары ақын тұрған осынау киелі шаңырақ – тарих пен тағылымның ордасы. Бұл үйдің әрбір кірпіші мен бұрышы Ахаңның қиын да қасіретті тағдырынан сыр шертеді. Сондықтан, біз бұл тарихи ескерткішті сақтауға, оның білім мен ғылымның, тәлім мен тәрбиенің ордасы ретінде дамытуға тиіспіз», — деді И. Тасмағамбетов.

    Үкімет тарапынан қайраткердің ғылыми еңбектерін зерделеуді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Иманғали Тасмағамбетов мұражайға ұлттық мәртебесін беру, Ахмет Байтұрсынұлы шығармаларының 10 томдығын шығару және деректі фильм түсіру жөнінде тапсырма берді. Қойылған міндеттерді жүзеге асыру үшін келесі аптада Астанада арнайы кеңес өткізілмек.

    Айта кетейік, 1934-1937 жылдар аралығында Ахмет Байтұрсынов тұрған үй мұражай ретінде 1998 жылы ақынның 125 жылдық мерейтойы қарсаңында ресми түрде ашылған. Сонымен қатар, биыл Алаш қозғалысының құрылғанына 100 жыл толады.

    ҚР Премьер-Министрдің ресми сайты

     

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ПУМСЭ ТАЕКВОНДОСЫ РЕСМИ МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ

    18.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАҒА – 33 ЖЫЛ

    18.11.2026

    ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУЕТІ

    18.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.