Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Туризмді дамыту жолы талқылданды
    Жаңалықтар

    Туризмді дамыту жолы талқылданды

    Айғақ медиаАйғақ медиа24.11.2016192 Views

    Бүгін облыс әкімдігінде Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев пен Түркияның мәдениет және туризм министрлігінің тренер шеберлері — Джеззим Оздемир және Мурат Озен, сондай-ақ, Түркиядағы турагенттіктер қауымдастығының уәкілетті өкілі Чери Эрдалдың кездесуі өтті. Оңтүстіктегі туризм саласының мамандарын оқытуға келген делегация мүшелерімен болған отырыста тараптар аймақтағы аталмыш саланы дамыту жайын талқылады.

    Басқосуда өңір басшысы облыстың туристік әлеуетінің жоғары екенін айтып, түркиялық туризм саласы білгірлерінің бұл салада мол тәжірибесі барын жеткізді.

    «Біз туысқан түрік ағайындармен тәжірибе алмасуға ниеттіміз. Өйткені, Түркияда соңғы уақытта туризм саласы жақсы дамып келеді. Мысал келтірсек, кейінгі жылдары Түркияға 40 млн. турист келген. Анталия мен Аланияның өзінде инфрақұрылымы жолға қойылған және қызмет көрсету деңгейі жоғары 1500-ден астам үш жұлдызды, төрт жұлдызды және бес жұлдызды қонақ үйлер бар. Сондықтан, бізге олардың тәжірибесін пайдалану керек», — деді әкім.

    Оңтүстік Қазақстан облысындағы туристік фирмалардың қызмет көрсету деңгейін жақсарту үшін апталық оқу курсын өткізуге келген түрік делегациясы туристік операторлардың біліктілігін жетілдіру, мейрамхана бизнесіне баулу және қонақ үй менеджментіне үйрету тақырыптарынан тұратын үш кезеңді шеберлік дәрістерін өткізбек. Оған 70-тен астам туризм саласындағы мамандар қатысады.

    Айта кету керек, аталған оқу курсы «Оңтүстік Қазақстан облысының туризм индустриясын дамыту қауымдастығы» мен Түркияның турагенттіктер қауымдастығы және туристік ақпараттық орталығының келісімі нәтижесінде жүзеге асырылып отыр.

    Апталық оқыту жұмыстарынан соң, курсты сәтті аяқтаған қатысушыларға арнайы сертификаттар табыс етілмек.

    ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ПУМСЭ ТАЕКВОНДОСЫ РЕСМИ МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ

    18.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАҒА – 33 ЖЫЛ

    18.11.2026

    ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУЕТІ

    18.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.