• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Дүйсенбі, Маусым 23, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Саясат

Еліміздегі халықтың көңілінен шыққан шенеуніктер кім?

23.11.2016
0

Биліктің адамы ретінде жалпы жұртқа жағу қиынның қиыны екені көпке мәлім. Алайда бұл сыннан сүрінбей келе жатқан шенеуніктер бар. Халық бұл шенділерді ерекше сыйлайды. Олар кімдер?

NUR.KZ елдің ықыласына ие болған шенеуніктерді назарларыңызға ұсынады.

Иманғали Тасмағамбетов  — Қазақстан премьер-министрінің орынбасары

Еліміздің ірі облыс, қалаларын басқарып, мемлекеттік хатшы, министр, президент әкімшілігінің басшысы, үкімет басшысы сынды жоғары лауазымды қызметтерді атқарған Иманғали Тасмағамбетов халықтың зор ықыласына ие. Жақында вице-премьер болып үкіметке қайта оралған шенеунік жұртшылықты қуантып тастады. Оны әлеуметтік желідегі көптеген пікірлерден байқауға болады.Вице-премьер Алматы халқына іскер басшы ретінде есте қалды. Ол мегаполистің басты мəселесі экологияға, қала тазалығына баса назар аударды.

Иманғали Тасмағамбетов тарих, археология және этнографияға қызығушылық танытып жүреді. Иманғали Нұрғалиұлының атсалысуымен ЮНЕСКО көлемінде қазақ әдебиеті, мәдениеті мен ғылымына еңбегі сіңген қайраткерлердің мерейтойлары өткізілді. Жақында ғана вице-премьер ЮНЕСКО тізіміне енген ежелгі Талхиз қаласының аумағына автокөлік жолын салу туралы жобаны тоқтатуды талап етті. Сөйтіп үкімет басшысының орынбасары Қазақстаннның халықаралық ұйыммен арадағы қатынасын реттеуге үлес қоса білді.

Бердібек Сапарбаев – Ақтөбе облысының әкімі

Қызылорда өңірінің тумасы қазіргі таңда Ақтөбе облысының әкімі қызметінде. Бердібек Сапарбаев туралы желі қолданушылары оң пікірде. Шығыс Қазақстан облысының әкімі қызметін абыроймен атқарған ол журналистерге ашықтығымен есте  қалыпты. «Тілшілермен сұхбат кезінде ол мысалға келтірген сандарды ешбір қағазға қарамай айтып, өңірдің жағдайына қанық екенін білдірген», — деп еске алады жергілікті журналистер.

Бір сөзінде әкім: «Мен өз қоластымдағы  қызметкерлерге мәселенің анық-қанығын өз көзіңмен барып көру керектігін айтып отырамын. Есеп-қисаптың астына жасырынып, креслода шалқайып отырудың қажеті жоқ. Барыңдар, халықпен тілдесіңдер, қандай мәселе бар екенін көзбен көріп қайтыңдар», — деген еді.
Ақтөбе жұртшылығы да Бердібек Сапарбаевты даттағаннан жақтағанды құп көреді. Облыс әкімі барған жерінде жергілікті басшылыққа сын айтып, ескерту жасап жүреді. Ақтөбе халқында әкімге деген сенім пайда болды деп айтса болады. Басшылық қызметіне келе сала, әкім мырза азық-түлік пен дәрілердің бағасын реттеуге кірісті.

Оның қазақ тілін білмейтін қытай тілінің аудармашысына айтқан ескертпесі Қазнетте көпке дейін айтылып жүрді. Сондай-ақ, Сапарбаев 800 тұрғыны бар ауылға электр тоғын тарта алмай жүрген аудан әкімінің үйіндегі электр жарығын сөндіріп тастағаны туралы хабар желіде қызу талқыға түскен еді.

Амандық Баталов – Алматы облысының әкімі

Алматы облысын 2014 жылдан басқарып келе жатқан әкім жергілікті халықтың көңілінен шығуда. Мамандығы инженер болғандықтан, бәлкім, бұл шенеунік тыныш отырғанды ұнатпайды. Екі жылдың ішінде облыстағы орын алған оң өзгерістерге осы күзде жұмыс сапарымен келген елбасы да ризашылығын білдіріп кеткен болатын. Талдықорған әуежайы қайта жаңғыртудан өтіп, жаңа демалыс орындары пайдалануға берілді. Өңірде қант қызылшасын егу қайта қолға алынып отыр. Жақында ғана Амандық Ғаббасұлы «Тәуелсіз Қазақстанның үздік инженері» дипломы мен төсбелгісіне ие болды. Жетісулық жұрт әлеуметтік желіде өңір басшысын шын көңілмен құттықтап, бұл марапаттың өзіне лайықты екенін айтып жарысты.

Бауыржан Байбек – Алматы қаласының әкімі

Жас болса да еліміздің ең  ірі қаласына бас болған Бауыржан Байбектің әкімдік қызметі туралы халық оң көзқараста. Ол президент әкімшілігінде жүріп бірталай тәжірибе жинақтап үлгерді. Алматы қаласы әкімі лауазымына тағайындалған бетте ол өзіне қатысты мынадай мәселенің басын ашып айтып берді: «Менің әкем елбасымен бір сыныпта оқыған. Айта кету керек, біздің жанұя ешкімге бұл туралы әдейі ашық айтып мақтанбады, және оны жасырып та қалмады. Біз тек іштей мақтан тұттық», — деп  айтқан еді.

Президент Нұрсұлтан Назарбаев Бауыржан Байбекті әкімдік қызметке тағайындап тұрып оған зор сенім білдірді.
«Жанымда бірге жұмыс істеп жүріп, ол менің қызметімді көрді, республиканың түкпір-түкіпірінде болып қайтты. Сайлауалды кампанияларға қатысты. Бұл оған оңай сынақ болған жоқ. Сіздермен бірге ол қаланың мәселелерін шеше алады деген сенімдемін», — деді елбасы.
Бауыржан Байбекті қала, республика жұртшылығы қазақ мәдениетіне қолдау білдіріп жүрген азамат ретінде таниды.
Қырымбек Көшербаев – Қызылорда облысының әкімі

Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев өңірдің көктемдегі жер мәселесі бойынша өз пікірлерімен бөлісікісі келген азаматтық қоғам өкілдерімен кездесіп, халықпен байланысқа әрдайым ашық екенін көрсетті.  Облыс әкімі сол кезде сөз болып жатқан жер туралы заңның жай-жапсарын түсіндірген болатын. Осыны естіген желі қолданушылары Қырымбек Елеуұлын халықпен әрдайым ашық алаңда сөйлесіп, шешімін таба алатын басшы ретінде бағалайтындарын жеткізді. Оның «Байқоңырды жалға бергенімізбен халық біздікі, оның болашағына, халықтың әлеуметтік жағдайына бей-жайқарай алмаймыз», — деген сөздері көңілге үміт ұялатқандай болды.

Асқар Мырзахметов — Ауыл шарушалығы министрі, премьер-министрдің орынбасары

Ауыл шарушалығы министрі ел нақты істің адамы деп біледі.  Ол басқа шенділерге қарағанда əкімдікке кешірек келді. Жоғарғы билік шенеунікті ауылшаруашылық саласын бес саусақтай білетін маман ретінде бағалайды. Асқар Мырзахметов ОҚО-ны бес жыл басқарды.

Елбасының өзі оның осы қызметтегі еңбегіне риза болып: «Мен келген сайын əкімді ауыстырады екен деген сөздер желдей еседі. Иə талай əкімді келіп, алып тастап жүрдім ғой, өздерің білесіңдер. Жұмыс істеп отырған əкімді неге ауыстырамын, ауыстырмаймын!» деп сенім білдірген.

Осы жылдың мамыр айынан бастап ол ауылшаруашылығы саласымен бірге премьер-министрдің орынбасары қызметін қатар алып жүр. Сондай-ақ жер дауына байланысты құрылған комиссияға төрағалық ету дəл осы Асқар Мырзахметовке сеніп тапсырылған болатын.
БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

СОЗАҚ АУДАНЫНА ШУ ӨЗЕНІ АРҚЫЛЫ 1,5 МЛРД ТЕКШЕ МЕТРДЕН АСТАМ СУ ЖІБЕРІЛДІ

СОЗАҚ АУДАНЫНА ШУ ӨЗЕНІ АРҚЫЛЫ 1,5 МЛРД ТЕКШЕ МЕТРДЕН АСТАМ СУ ЖІБЕРІЛДІ

Айғақ медиа
16.06.2025
0

  Су Жамбыл облысындағы Тасөткел су қоймасынан жіберілді. Бұл жұмыс табиғатты қорғау мақсатындағы су жіберу шаралары аясында былтыр қыркүйектен басталып,...

ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІК ӨКІЛДЕРІНЕ МЕМЛЕКЕТТІК НАГРАДАЛАР ТАБЫС ЕТТІ

ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІК ӨКІЛДЕРІНЕ МЕМЛЕКЕТТІК НАГРАДАЛАР ТАБЫС ЕТТІ

Айғақ медиа
13.06.2025
0

Медицина қызметкерлері күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарымен үздік дәрігерлер, денсаулық сақтау қайраткерлері, түрлі бағыттағы мамандар жоғары мемлекеттік наградаларға ие...

«ДАМУ» ҚОРЫ ЖЫЛДЫҚ 12,6% ЖЕҢІЛДІКПЕН НЕСИЕЛЕНДІРІЛЕТІН ЖАҢА «ӨРЛЕУ» БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ ҚОСТЫ

«ДАМУ» ҚОРЫ ЖЫЛДЫҚ 12,6% ЖЕҢІЛДІКПЕН НЕСИЕЛЕНДІРІЛЕТІН ЖАҢА «ӨРЛЕУ» БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ ҚОСТЫ

Айғақ медиа
13.06.2025
0

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры Ұлттық экономика министрлігі мен «Бәйтерек» холдингінің қолдауымен жеңілдікті несиелендірудің жаңа «Өрлеу» бағдарламасы іске қосылғанын хабарлайды. Бұл...

САЛТАНАТ ИСАҒАЛИЕВА 10 МЫҢ МЕТР БИІКТІКТЕ АДАМ ӨМІРІН САҚТАП ҚАЛДЫ

САЛТАНАТ ИСАҒАЛИЕВА 10 МЫҢ МЕТР БИІКТІКТЕ АДАМ ӨМІРІН САҚТАП ҚАЛДЫ

Айғақ медиа
13.06.2025
0

Медицина қызметкері күні қарсаңында біз өмірді сақтаудың тағы бір тарихымен бөлісеміз. Осы жылдың 30 мамырында Алматы-Лондон рейсінің бортында жолаушылардың бірі...

ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 19,1 МЫҢНАН АСТАМ ЖҰМЫСКЕРДІҢ ҚҰҚЫҒЫ ҚОРҒАЛДЫ

ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 19,1 МЫҢНАН АСТАМ ЖҰМЫСКЕРДІҢ ҚҰҚЫҒЫ ҚОРҒАЛДЫ

Айғақ медиа
11.06.2025
0

    2025 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 85 кәсіпорны 2 мыңнан астам жұмыскерге 814 млн...

КЕНТАУЛЫҚ СТУДЕНТ ОҚУШЫЛАРҒА БОЛАШАҚ КӘСІБІН ТАҢДАУҒА МҮМКІНДІК БЕРЕТІН СТЕНД ОЙЛАП ТАПТЫ

КЕНТАУЛЫҚ СТУДЕНТ ОҚУШЫЛАРҒА БОЛАШАҚ КӘСІБІН ТАҢДАУҒА МҮМКІНДІК БЕРЕТІН СТЕНД ОЙЛАП ТАПТЫ

Айғақ медиа
11.06.2025
0

Кентау политехникалық колледжінің 4-курс студенті Улугбек Бахтияров жұмысшы мамандарын даярлауға арналған оқу стендін жасап шығарды. ASAR-1 — инженерлік мамандықтарды біріктіретін...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.