Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Білім»2019 жылдан бастап нөлінші сыныптарға мектепалды дайындықтың бірыңғай оқу бағдарламасы енгізіледі
    Білім

    2019 жылдан бастап нөлінші сыныптарға мектепалды дайындықтың бірыңғай оқу бағдарламасы енгізіледі

    Айғақ медиаАйғақ медиа18.11.2016316 Views

    Балалар 1 сыныпқа бірыңғай мектеп бағдарламасын меңгеруге барынша бірдей дайындықпен келуі үшін, Қазақстанда мектепалды дайындыққа бірыңғай оқу бағдарламасы мен бірыңғай базалық оқулықты енгізу жоспарлануда, деп хабарлады ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі.

    ҚР БҒМ-де мәселе жаңа нөлінші сыныптарды енгізуде емес, олар балабақша мен мектеп базасындағыдай мектепке дейінгі дайындық түрінде елімізде бұрыннан бар, мектепалды дайындық топтарында балалар ата-аналардың қалауы бойынша бес немесе алты жастан бастап оқиды және бұл өзгеріссіз қалады деп түсіндірді.

    «2016 жылдан 1 сынып оқушылары бірыңғай оқу бағдарламасы, бірыңғай базалық оқулықтармен білім алды. Ата-аналардың пікірінше, мектепалды дайындық тобындағы (нөлінші сынып) балалар да осылай бірыңғай оқу бағдарламаларымен оқытылуы қажет», — делінген хабарламада.

    ҚР БҒМ 2017 жылдан бастап пилоттық режимде еліміздегі мектепалды дайындық топтарына, білім мекемелеріндегі мектепалды дайындыққа (нөлінші сынып) бірыңғай оқу бағдарламалары мен бірыңғай базалық оқулықтарды енгізу жоспарлауда.

    Білім саласындағы тәжірибелі педагогтар мен ғалымдардың пікірлерінше, мектепалды дайындықтан бастап балалар «Әліппені» («Букварь») меңгерулері қажет. 5-6 жастағы балалар үшін «Әліппені» («Букварь») үйрету жүктемесі қазіргідей үш айдың ғана көлемінде жүргізілмей, толық оқу жылы барысында меңгеруге бағытталатын болады. Балалар әріптерді тануға, буындап оқуға, тыңдалған дыбыстық сөздерге талдау жасауға үйренетін болады.

    «Жазуға міндетті түрде үйрету туралы айтылып тұрған жоқ, тек 1 сыныптан бастап қана жазуға үйрету басталады. Өйткені 5-6 жастағы балалардың ұсақ моторикасы жазу үшін жеткілікті деңгейде дамымаған», — деп нақтылады ведомствода.

    Қазіргі таңда ҚР БҒМ 5-6 жастағы мектепалды дайындық балалары үшін интерактивті технологиялар негізінде балалардың қабылдауына ыңғайлы «Әліппе» («Букварь») оқулығын әзірлеуді бастады.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ПУМСЭ ТАЕКВОНДОСЫ РЕСМИ МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ

    18.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАҒА – 33 ЖЫЛ

    18.11.2026

    ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУЕТІ

    18.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.