Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»ОҚО-ДАҒЫ «МАКСИМУМ» АИО-НЫҢ АТАУЫ «ОҢТҮСТІК» ДЕП ӨЗГЕРДІ
    Жаңалықтар

    ОҚО-ДАҒЫ «МАКСИМУМ» АИО-НЫҢ АТАУЫ «ОҢТҮСТІК» ДЕП ӨЗГЕРДІ

    Айғақ медиаАйғақ медиа22.10.2016298 Views
    Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша «Оңтүстік» брендін қалыптастыру аясында қаржы орталығында жүргізілген ребрендинг жұмыстарының нәтижесінде, «Максимум» аймақтық инвестициялық орталығының атауы «Оңтүстік» деп өзгертілді. «Аймақтық инвестициялық орталығы» деген сөз сол күйінде сақталып қалды.
    Енді компания атауы қазақ тілінде «Оңтүстік» аймақтық инвестициялық орталығы» ЖШС деп аталса, орыс тілінде ТОО «Региональный инвестиционный центр «Оңтүстік», ағылшын тілінде LLP «Regional Investment Center «Ontustik» аталатын болды.
    Ал серіктестіктің банк реквизиттері, мекен-жайы, байланыс телефондары және өзге де деректемелер өзгеріссіз қалды.
    Айта кету керек, компания атауының өзгеруі қайта ұйымдастыруды білдірмейді және орталық атауы өзгергенге дейінгі өз құқықтары мен міндеттерін әрі қарай да жалғастырады. Аталған өзгеріс «Оңтүстік» АИО мен клиенттер арасындағы заңдық келісімдерге әсер етпейді, олар өз күшінде қалады.
    Сонымен қатар, компанияның ресми сайты және әлеуметтік желідегі ресми парақшалары қаржы орталығының жаңа логотипіне негізделе отырып, қайта жасалуда. Компанияның жаңа атауы ұйымның қоғамда атқаратын қызметін айшықтай отырып, қазіргі жұмысына жаңа серпін береді деп күтілуде.
    Ал ұлттық ою-өрнек элементімен, алтын реңктерден жасалынған жаңа логотип тұрақтылық пен әсемдік көрінісін береді және компанияның оң имидж қалыптастыруына, сондай-ақ Қазақстанның инвестициялық нарығында жылдам танылуына ықпал етеді деп жоспарланып жатыр.
    ОҚО әкімінің баспасөз қызметі
    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ПУМСЭ ТАЕКВОНДОСЫ РЕСМИ МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ

    18.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАҒА – 33 ЖЫЛ

    18.11.2026

    ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУЕТІ

    18.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.