Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Оңтүстікте ІІ республикалық журналистер форумы өтті
    Жаңалықтар

    Оңтүстікте ІІ республикалық журналистер форумы өтті

    Айғақ медиаАйғақ медиа21.10.2016232 Views

    Кеше Шымкентте «Жаңа ақпараттық саясат: бағдар мен болашақ» ІІ республикалық журналистер форумы өтті. Өңірлердің бұқаралық ақпарат құралдарының басын қосқан шараға облыс әкімі Жансейіт Түймебаев, «Түркістан» газетінің бас редакторы Пәттеев Шамшидин, «Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газетінің директор- бас редакторы Жүсіп Нұртөре, Түркия Республикасы «ЖиҺан» ақпарат агенттігінің Қазақстандағы өкілі Иылдыз Доған,  «Жас Қазақ» газетінің бас редакторы Срайыл Смайыл, «Қаламгер — Медиа» орталығы ЖШС атқарушы директоры Әшімжан Жанарбек, «Хабар 24» телеарнасының шеф-редакторы Қожаев Шалқар сынды бірқатар республикалық, облыстық және аудан, қалалық бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері мен ұстаз-ғалымдар, халықаралық ақпарат агенттіктерінің өкілдері қатысты.

    Форумның ашылу салтанатында сөз алған аймақ басшысы Ж.Түймебаев ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында өтіп жатқан бүгінгі басқосу – Елбасымыз Н.Назарбаев айқындап берген «100 нақты қадам – Ұлт жоспарын» орындау мақсатындағы маңызды жиынның бірі екенін атап өтіп, болашақ пен ақпараттық саясатқа жаңаша бағдар көрсетуде осынау журналистермен болатын диалог алаңының маңызды екенін жеткізді. Сөз соңында форум жұмысына сәттілік тілеп, ел дамуына өз үлестерін қосып отырған барша журналистерге алғысын білдірді.

    Шарада «Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газетінің директор- бас редакторы Жүсіп Нұртөре аталған форум ақпараттық ілгерлету бойынша республика көлемінде өткізіліп отырған екінші жиын болып табылатынын атап өтті. «Бұл аймақ басшылығының және өңірдегі журналист қауымдастығының жаңа ақпараттық саясатқа ерекше мән маңыз беріп отырғандығын аңғартады»,-деді Жүсіп Нұртөре.

    Сонымен қатар, форумға қатысушылар «Тәуелсіздік құндылықтарын қалыптастырудағы БАҚ-тың маңызы», «Медиакеңістіктегі бәсеке, дәстүрлі БАҚ-тың болашағы» тақырыптары бойынша баяндама жасап, пікір алмасты. Ақпараттық саясаттың болашағы туралы ойларын ортаға салды.

    ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ПУМСЭ ТАЕКВОНДОСЫ РЕСМИ МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ

    18.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАҒА – 33 ЖЫЛ

    18.11.2026

    ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУЕТІ

    18.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.