Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Ауылдағы мамандарға тұрғын үй сатып алу үшін 43 млрд-тан астам теңге берілген
    Жаңалықтар

    Ауылдағы мамандарға тұрғын үй сатып алу үшін 43 млрд-тан астам теңге берілген

    Айғақ медиаАйғақ медиа03.10.2016202 Views
    ????????????????????????????????????

    Ауылдағы мамандарға тұрғын үй сатып алу үшін 43 млрд-тан астам теңге берілді, деп хабарлады ҚР ҰЭМ Экономика инфрақұрылымын дамыту департаментінің директоры Ұлан Жазылбек ОКҚ-дегі баспасөз конференциясында.

    «Дипломмен ауылға» жобасын іске асырған сәттен бастап ауылдық жерлерге жалпы сомасы 9,3 млрд теңге көтерме жәрдемақы алған 46 мыңнан астам маман тартылса, шамамен 20 мың маманға тұрғын үй сатып алу үшін жалпы сомасы 43,6 млрд теңге кредиттік қаражат берілген»,- деп хабарлады Ұ. Жазылбек.

    Жалпы келуші мамандар саны салалар үлесінде төмендегідей: білім беруге 33 400 адам, денсаулық сақтау – 9 813 адам, мәдениет – 1 289 адам, спорт – 616 адам, әлеуметтік қамсыздандыру – 403 және агроөнеркәсіп кешеніне – 1 110 адам тартылған.

    Ағымдағы жылы 5 850 маманды ауылға тарту үшін көтерме жәрдемақы ұсынуға 2,1 млрд теңге және 2 725 маманға тұрғын үй сатып алу үшін 8,6 млрд теңге бюджеттік кредит ұсыну қарастырылған.  2017 жылы 3 232 маманға тұрғын үй сатып алуға 11 млрд теңге жоспарланған.

    «Жобаны іске асыру ауылға әлеуметтік сала және агроөнеркәсіп кешені мамандарын бекіту мәселесін шешуге оң әсер беруде. Жалпы алғанда, бұл ауыл халқының денсаулығын нығайту, сауаттылығы мен мәдениетінің деңгейін көтеру, сондай-ақ, қала және ауыл арасындағы үйлеспеушілікті теңестіруді қарастыратын ауылдағы қызмет көрсету сапасын жақсартады, кадр әлеуетін арттырады және мультипликативті тиімділікті қамтамасыз етеді», —  деді Ұ.Жазылбек.

    Сонымен қатар, оның айтуынша, кейбір мамандардың үш жылдан кем емес уақыт жұмыс жасау міндеттемесін орындамау жағдайлары кездеседі, осыған орай маман өзіне ұсынылған әлеуметтік қолдау шараларын толық көлемде қайтаруға міндеттеледі. Отбасылық жағдайының өзгеруі, жұмыс орнынан шығып қалу, басқа елді мекенге қоныс аудару мамандардың міндеттемелерді орындамауының негізгі себептері болып табылады.

    Анықтама:

    «Дипломмен ауылға» жобасы Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2009 жылы бастау алды.

    Бағдарлама мыналарды көздейді: бір маманға 70 еселік айлық есептік көрсеткіш көлемінде біржолғы көтерме жәрдемақы (148,4 мың теңге); бюджеттік кредит сомасынан жылдық 0,01% мөлшеріндегі сыйақы мөлшерлемесімен тұрғын үй сатып алу немесе үй салу үшін 15 жыл мерзімге 1500 АЕК-тен аспайтын сомада бюджеттік кредит (3,2 млн теңге).

    ҚР Премьер-министрінің ресми сайтынан алдынды.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ АШЫҚТЫҒЫ: ПАЦИЕНТТІҢ БАҚЫЛАУ МҮМКІНДІГІ АРТЫП КЕЛЕДІ

    17.11.2026

    ШЫМКЕНТТЕН ФРАНЦИЯҒА ЖОЛ АШЫЛАДЫ: ШЕНГЕН ВИЗАСЫН РӘСІМДЕУ ЕНДІ ЖЕҢІЛДЕЙДІ

    17.11.2026

    ӨНЕРКӘСІП ПЕН ЛОГИСТИКАҒА ЖАҢА СЕРПІН

    17.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.