Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»ОҚО-да отандық тауар өндірушілердің каталогы әзірленді
    Жаңалықтар

    ОҚО-да отандық тауар өндірушілердің каталогы әзірленді

    Айғақ медиаАйғақ медиа06.09.2016133 Views

    Қазақстан Республикасының инвестициялар және даму министрлiгi Техникалық реттеу және метрология комитетiнiң Оңтүстiк Қазақстан облысы бойынша департаменті тарапынан жүргізілетін тексерулердің саны жыл сайын азайып келеді. Мәселен, 2013 жылы департамент тарапынан 184 тексерулер жүргізілсе, 2014 жылы 95 тексерулер орын алған. Ал өткен жылы тексерулер саны  50 пайызға азайған. Бұл өз кезегінде көрсетiлетiн қызметтердiң қауiпсiздiгi мен сапасының жақсарғанын және техникалық регламенттердің талаптарының орындалып жатқандығын білдіреді. Бұл туралы бүгін Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Техникалық реттеу және метрология комитетінің ОҚО бойынша департамент басшысы Оразғали Егембердиев мәлім етті.

    Оның айтуынша, департамент  осы жылдың  I жартыжылдығында жұмыс жоспарына сәйкес, барлығы 32 тексеру жүргізген. Тексерулердің қорытындысы бойынша 15 заңды және жеке тұлғалар 1 млн. 177 мың теңге мөлшерінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ал 120 дана өлшем құралдары пайдалануға жарамсыз деп, қолдануға тыйым салынды. Сондай-ақ, бір құрылыс сынақ зертханасының аккредиттеу аттестатының күші 6 айға тоқтатылса, бір ішкі айналым үшін тауардың шығу тегі туралы «СТ-КZ» сертификатының күші мүлдем жойылды.

    Жоғарғы органдармен келісілген және бекітілген іріктелген тексеру тізімдері  тоқсан сайын Қазақстан Республикасының  Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің сайтында жарияланады.

    «Комитеттің аумақтық Департаменттері Қазақстан Республикасы «Техникалық реттеу туралы» заңының негізімен барлық шығарылатын отандық өнімдерге ақпаратты қамтамасыз ету мақсатында тіркеу жүргізілуде. Бүгінгі күнде облыстың тауар өндірушілері 363 каталог парақтарына енгізілуде. Барлық отандық өнімдердің тізімі біздің Комитеттің сайтында орналасқан»,- деп айтты спикер.

    Баспасөз мәслихатында баяндамашы 2016 жылдың 6 ақпанында «Бағалы металдар мен асыл тастар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына енгізілген өзгерістер жайын атап өтті. Онда осы жылдың  ІІ жартыжылдығынан бастап ҚР аумағында бұйымның сынамалау таңбасыз (пробирное клеймо) және ие белгісіз (оттиск именника) зергерлік бұйымдарды сатуға тиым салынғаны туралы айтылған. Заңда көрсетілген  талаптардың сақталуына мемлекеттік бақылау жүргізетін уәкілетті орган — Техникалық реттеу және метрология комитеті және оның аумақтық департаменттері болып табылады.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ПУМСЭ ТАЕКВОНДОСЫ РЕСМИ МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ

    18.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАҒА – 33 ЖЫЛ

    18.11.2026

    ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУЕТІ

    18.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.