Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Түлкібас ауданының әкімі қызметіне Әуелхан Тұрғымбеков келді
    Жаңалықтар

    Түлкібас ауданының әкімі қызметіне Әуелхан Тұрғымбеков келді

    Айғақ медиаАйғақ медиа12.08.20161 112 Views

    Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және Түлкібас аудандық мәслихатының келісімі бойынша Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің өкімімен Түлкібас ауданының әкімі болып Әуелхан Елтайұлы Тұрғымбеков тағайындалды

    Әуелхан Елтайұлы 1959 жылы 29 қазанда Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Қазақ ауыл шаруашылығы институтын, Қазақ химия-технологиялық институтын тәмамдаған. Еңбек жолын 1981 жылы — Шымкент облысы Ленгір ауданы «Сельхозтехника» өндірістік бірлестігінің аға инжинер технологы болып бастаған. 1983-1988 жылдары — Қазақстан ЛКЖО Ленгір аудандық комитетінің нұсқаушысы, Қазақстан ЛЖКО Леңгір аудандық комитетінің комсомол ұйымдары бөлімінің меңгерушісі, хатшысы. 1985-1991 жылдары — Қазақстан ЛЖКО Шымкент облыстық комитетінің лекторлық тобының меңгерушісі,  сектор меңгерушісі, Шымкент облыстық халықтық бақылау комитетінің нұсқаушысы. 1991 жылы — Облыстық халық депутаттары кеңесі ұйымдастыру-кеңес жұмыстары және тұрақты комиссия бөлімінің бас референті, Шымкент облыстық халық депуттары кеңесі ұйымдастыру-кеңес жұмыстары және тұрақты комиссия бөлімінің бас маманы. 1992 -1993 жылдары — Шымкент облысы әкімшілігі ұйымдастыру-талдау бөлімінің инспекторы. 1993-1994 жылдары — Төлеби ауданы әкімінің орынбасары, бірінші орынбасары. 1994-2002 жылдары — ОҚО әкімі аппараты ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің меңгерушісі,  басшысының орынбасары, ұйымдастыру- инспекторлық бөлімінің меңгерушісі, ұйымдастыру — инспекторлық мәселелер бойынша орынбасары, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары — ұйымдастыру — инспекторлық бөлімінің меңгерушісі, Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара ауданының әкімі. 2002-2006 жылдары — ОҚО әкімі аппаратының басшысы. 2006 жылы — Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданының әкімі. 2007-2009 жылдары — «Нұр Отан» ХДП ОҚО бойынша филиалы төрағасының бірінші орынбасары. 2009 жылы — ОҚО әкімінің кеңесшісі. 2009 жылдан бастап жаңа қызметке дейін Оңтүстік Қазақстан облысының Төлеби ауданының әкімі қызметін атқарған.

    118 мың халқы бар Төлеби ауданын табаны күректей 7 жыл басқарған Әуелхан Елтайұлының мемлекеттік қызметте тәжірибесі мол. Басқарушылық қабілеті жоғары. Таулы аймақтың туризмін дамытып, өндірісін өркендетуде Тұрғымбековтің өз қолтаңбасы бар. Енді санақ бойынша 106 мың тұрғынды құрайтын Түлкібастағы серпінді жобаларды жүзеге асыру сенімі артылып отыр.

    Осылайша, Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Бейбіт Атамқұлов соңғы бір жылда алғаш рет ротация арқылы аудан басшыларын тағайындап отыр. Бұл өңірде кадрлардың «Алтын қор» резервін қалыптастыруды жүйеге қойған әкімнің еңбегін танытты.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ШЫМКЕНТ МЕРГЕНДЕРІ ӘЛЕМДІК АРЕНАДАДА ТОП ЖАРДЫ

    16.11.2026

    ҚАЛАНЫҢ ЖАСЫЛ КЕЛБЕТІ: ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҢҒЫРУ МЕН ТАЗА ОРТАҒА БАҒЫТТАЛҒАН ЖҰМЫСТАР

    16.11.2026

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.