Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»«Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы қатаң бақылауда
    Жаңалықтар

    «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы қатаң бақылауда

    Айғақ медиаАйғақ медиа11.08.2016235 Views

    ҚР Премьер-Министрі «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасын тиісті түрде орындамаған жағдайда жекелей жауапкершілік туралы ескертті.


     

    «Нұрлы жол» бағдарламасын жүзеге асыруға мақсатты трансферттер ретінде бағытталған қаражат 97%-ға игерілді. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР ұлттық экономика бірінші вице-министрі Марат Құсайынов мәлімдеді.

    «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруға 2016 жылы ҚР Ұлттық қорынан 769,6 млрд теңге қарастырылған, оның 503,4 млрд теңгесі мақсатты трансферттер түрінде және 266,2 млрд теңге ұлттық холдингтердің облигациялық займдары арқылы», — деп мәлімдеді «Нұрлы жол» бағдарламасын жүзеге асырудың аралық қорытындыларын таныстырған вице-министр.

    Оған қоса, ол а.ж. тамыз айының басындағы жағдайға сәйкес барлығы бағдарлама бойынша 231,3 млрд теңге игерілгенін айтып өтті.

    «Оның ішінде мақсатты трансферттер бойынша 214,4 млрд теңге жоспар кезінде 208,1 млрд теңге немесе қаржыландыру жоспарынан 97% игерілді», — деді Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бөлінген қаражатты игеру бойынша жұмысы айрықша бақылауда екенін баса айтып өткен М. Құсайынов.

    Оның айтуынша, тағы 22 млрд теңге жете игерілді. Нәтижесінде бүгінде мақсатты трансферттер бойынша игеру 236,4 млрд теңгені немесе жылдық жоспардың 47%-ын құрады.

    Қаражатты игермеу, вице-министрдің мәліметінше, 5 аймақ бойынша байқалуда: ШҚО-да – 86,3%, ОҚО-да – 61,7%, Қарағанды облысында – 95,1%, Павлодар облысында – 70,7%, Қызылорда облысында – 61,3%.

    Әкімдіктер қаражатты игеру кестесіндегі кейін қалуларды 1 қыркүйекке дейін жоюға уәде берді.

    «Әкімдердің назарын бөлінген қаржының толық және уақытылы игерілуі мәселесіне аударамын. Бұл әкімдердің және бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің жекелей жауапкершілігі», – деді аралық қорытындыларға баға берген, сондай-ақ «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша тиімділігі жеткіліксіз жұмысты атап өткен Кәрім Мәсімов.

    Премьер-Министр ҚР Ұлттық экономика министрлігіне өңірлерде бөлінген қаржының игерілуі жағдайына талдау жасап, осы мәселе бойынша жетекшілік ететін әкімдер орынбасарларының жауапкершілігін қарастыру бойынша ұсыныстар енгізуді тапсырды.

    Сонымен қатар, «Бәйтерек» АҚ мен «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ-на келісімшарт жасалған қаражаттың игерілуін  және жоспарланған тұрғын үй көлемін пайдалануға беруді қамтамасыз ету жүктелді. Астана мен Алматы қалаларының, облыс әкімдеріне білім беру нысандары құрылысына арналған қаржының дер кезінде және тиісті деңгейде игерілуін, сондай-ақ оларды пайдалануға беруді қамтамасыз ету тапсырылды. Сондай-ақ, бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бөлінген қаржының игерілуіне апта сайын мониторинг жүргізіп, ай сайынғы негізде атқарылған жұмыс тұрғысында Ұлттық экономика министрлігін ақпараттандыруы тиіс. 


    Дереккөз: Pm.kz

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ШЫМКЕНТ МЕРГЕНДЕРІ ӘЛЕМДІК АРЕНАДАДА ТОП ЖАРДЫ

    16.11.2026

    ҚАЛАНЫҢ ЖАСЫЛ КЕЛБЕТІ: ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҢҒЫРУ МЕН ТАЗА ОРТАҒА БАҒЫТТАЛҒАН ЖҰМЫСТАР

    16.11.2026

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.