• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сәрсенбі, Маусым 24, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

«Нұр Сұңқардың» жеңімпаздары анықталды

28.06.2016
0

Кеше Байланыс және ақ­парат қызметкерлері күні қар­саңында «Нұр Отан» пар­тия­сының Орталық ап­пара­тында журналистер ара­сын­дағы дәстүрлі «Нұр Сұң­­қар» республикалық бай­қауы­ның жеңімпаздарын мара­паттау салтанаты болып өтті. Парламент Мәжілісінің депутаты Қуаныш Сұлтанов төрағалық еткен арнайы құрылған комиссия бір ай көлемінде байқауға түрлі жанрдағы, атап айтқанда, очерк, сұхбат, мақала, телевизиялық және радиобағдарламалар, журналистік зерттеу, сондай-ақ, жарияланымдар мен бағдарламалар циклы бойынша материалдар қабылдады. Комиссия құрамына еліміздің бұқаралық ақпарат құралдарының ең беделді өкілдері кірген. Байқауға қатысу үшін журна­лис­тердің Елбасы, «Нұр Отан» пар­тиясының Төрағасы Н.Ә.Назарбаев­тың алдыға қойған міндеттері мен тапсырмаларының жүзеге асу барысына, «Қазақстан-2050» Стра­тегиясының басымдықтарына, «Нұр Отан» партиясы Доктринасының қағи­даларына және партия бастама­ларына арналған жұмыстары қа­былданды.

Сөйтіп, «Нұр Сұңқар» байқауы­на республикалық және аймақтық бұқаралық ақпарат құрал­дарынан 230-дан астам өтініш келіп түсті. Олардың ішінен 83 жұмыс іріктеуден өтті. Қорытынды кезең бойынша, «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесін жүзеге асыруға қосқан үлесі үшін» аталымы бойынша сыйлыққа «Казахстанская правда» республикалық газеті» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Татьяна Костина ие болды. «Нұр Отан» партиясының жұ­мысы жөніндегі ең үздік мате­риалға арналған сыйлық «24.kz» те­ле­арнасындағы «Сұхбат» бағ­дар­ламасының авторы және жүр­гі­зу­шісі Ерлан Игісіновке берілді. Үздік телевизиялық журналис­тер­ге берілетін «Ерекше пікір» ата­лы­мына бірден екі үміткер лайық деп та­нылды. Олар – «Хабар» агенттігі сарап­тамалық бағдарламалар бөлі­мінің тілшісі Айгүл Әділова мен «Қа­зақстан» телеарнасының арнаулы тілшісі Әлімжан Исабай. «Сөз шебері» аталымы бойынша үздік журналист ретінде «Айқын» газетінің редакторы Бейсен Тәжібаев жеңімпаз атанды. «Қоғам үні» аталымында үздік радиожурналист атағы «Орда FM» ра­диосының дикторы Ерлан Сисеновке берілді. «Аймақ айнасы» аталымы бойын­ша жеңіс «Егемен Қазақстан» га­зеті­нің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі Оралхан Дәуітовке бұйырды. «Шымкент келбеті», «Оңтүс­тік Қазақстан», республикалық «Түр­кістан», «Жас Алаш» газеттерінде жұ­мыс істеген Оралхан Дәуітовтің журналистика саласында еңбек етіп келе жатқанына жиырма жыл­дың жүзі болды. Осы уақыт ішінде қаламы жүйрік әріптесіміз талай мәселе көтеріп, тұщымды дүние­лері­мен оқырманды тәнті етті. Бірнеше жылдан бері «Егемен Қазақстан» газетінде жемісті еңбек етіп келеді.ERA_9448Ақпарат агенттігінің үздік жур­налисіне берілетін «Медиа-профи» аталымына NUR.kz сайтының тілшісі Юлия Абрамова лайық деп танылды. «Көзқарас» аталымы бойынша үздік блогерлер ретінде Шолпан Әли мен Қанат Әуесбай жеңіске жетті. Жеңімпаз жүлде­гер­лерге 500 мың мен 1 миллион теңгеден ақшалай сыйлық табыс етілді. «Нұр Сұңқар» – партия мен БАҚ өкіл­дері арасындағы әріптестікті жә­не ын­тымақтастықты дамытуды көз­­дейтін Қазақстанның барлық жур­на­­лисіне арналған дәстүрлі ашық бай­қау.

«Егемен Қазақстан» газеті  25.06.2016 жыл

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ҚҰТҚАРУШЫЛАР ЕСКЕРТЕДІ

ПОГОН АРТЫНДАҒЫ ЖАУАПКЕРШІЛІК

Айғақ медиа
24.06.2026
0

Тәулік бойы тынымсыз қызмет. Қауіп пен қатерге қарамастан қоғамдық тәртіпті күзету. Бірі қылмыстың алдын алса, енді бірі адам өмірін сақтап...

ҚҰТҚАРУШЫЛАР ЕСКЕРТЕДІ

ҚҰТҚАРУШЫЛАР ЕСКЕРТЕДІ

Айғақ медиа
24.06.2026
0

Биылғы шомылу маусымында жазатайым 2 оқиға тіркелді. Десекте ол оқиғалар шомылуға тиым салынған аумақта орын алған. Қалада шомылуға рұқсат етілген...

СЕРПІН БЕРЕТІН 8 ШЕШІМ

СЕРПІН БЕРЕТІН 8 ШЕШІМ

Айғақ медиа
23.06.2026
0

Шымкент қаласы мәслихатының кезекті сессиясында шаһардың алдағы дамуына тікелей әсер ететін маңызды мәселелер қаралды. Депутаттар күн тәртібіне енгізілген 8 мәселені...

КӨП МӘСЕЛЕ АУДАННАН АСПАЙДЫ

ХАЛЫҚ ТАРИФ БАҒАСЫН ТҰРАҚТАНДЫРУДЫ СҰРАДЫ

Айғақ медиа
23.06.2026
0

Жолдың жыры, тарифтің салмағы, автобустың азабы. Әл-Фараби ауданындағы халықпен кездесуде шымкенттіктер көкейдегі көп мәселені әкімнің алдына жайып салды. Шымкент қаласының...

КӨП МӘСЕЛЕ АУДАННАН АСПАЙДЫ

КӨП МӘСЕЛЕ АУДАННАН АСПАЙДЫ

Айғақ медиа
23.06.2026
0

Ауданнан аспайтын мәселені мегаполис мэрі шешуге мәжбүр.  Жол, жарық, су ағар, балалар ойын алаңшасына қатысты мәселелер Әл-фараби ауданы аумағында орналасқан...

«WORLDSKILLIS -2026» ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

«WORLDSKILLIS -2026» ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

Айғақ медиа
23.06.2026
0

Шымкентте «WorldSkills – 2026» өңірлік кәсіби шеберлік чемпионаты қорытындыланды. Колледж студенттері бақ сынаған дода 45 құзыреттілік бойынша өтті. Төрт күнге...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.