Арамызда мүмкіндігі жоқ болғанмен, өмірден үміті көп жандар аз емес. Тағдырдың ауыр соқпағына селт етпеген сол азаматтар жұмысқа құштар болады. Оларға жағдай жасалуы да тиіс. Осыған байланысты Отырар ауданында мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті. Аудан әкімдігі мен «мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігі «Біз біргеміз» атты акция ұйымдастырды. Мәдениет үйінде өткен жәрмеңкеге ауданның әкімі Ерлан Айтханов қатысып, мүмкіндігі шектеулі жандардың тағдырына бей-жай қарамай қолдау көрсетті. Қасиетті Рамазан айында жасалып жатқан бұл жақсылық жомарт кәсіпкерлердің арқасында іске асып отыр. 80 жұмыс орындарына жәрмеңке ұйымдастырылып, оған 150 адам келіп қатысқан. Алдағы уақытта Отырарда бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі тұрақты түрде өткізілмек ниетте.
ПРЕЗИДЕНТ ҚАЛАЛЫҚ СЕНБІЛІККЕ ҚАТЫСТЫ
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында ұйымдастырылған жалпықалалық сенбілікке қатысып, елордадағы «Ұлытау» аллеясында ағаш отырғызды. Президентпен...