Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»ОҚО-да өрт қауіпсіздігінің айлығы басталды
    Жаңалықтар

    ОҚО-да өрт қауіпсіздігінің айлығы басталды

    Айғақ медиаАйғақ медиа21.06.2016174 Views

    Оңтүстік Қазақстанда өңір басшысының қаулысымен «Өрт қауіпсіздігінің айлығы» жарияланды. Мақсаты – өрттің алдын алып, кейінгі толқынды өрт қауіпсіздігінің талаптарын сақтауға оқыту болып табылатын шарада барлық білім беру нысандары өрт қауіпсіздігі тексерісінен өтетін болады. Айлық шарасы 20 маусым мен 1 тамыз аралығында өтеді. ОҚО ТЖД басшысы А.Путейконың айтуынша, аталған айлық аясында қолға алынған іс-шаралар кешені білім мекемелерінде өрттің орын алу қауіпін азайтып, оның алдын алуға себеп болады. Негізінен департамент тарапынан үнемі тексеру жүргізіліп тұрады. Атап айтқанда, осы жылдың басынан бастап мемлекеттік инспекторлармен 33 интерактивті дәріс ұйымдастырылып, жүргізілді. Оған 249 оқу орнынан 6694 қатысушы қамтылды. Өрт сөндіру бөлімдерінде «Ашық есік күндері» мен экскурсиялар, жарыстар мен сұрақ-жауаптар өткізілуде. Сонымен қатар, осы жылдың наурыз-мамыр айы аралығында 1700-ден астам білім мекемелері тексеріліп, өрт қауіпсіздігінің ережесін бұзған 10 мыңнан астам жағдай анықталды. Нәтижесінде, білім саласының 1300-ден астам қызметкеріне 40 млн. теңге көлемінде айыппұл салынды. Тіркелген өрт статистикасына көз жүгіртсек, соңғы бес жылда білім нысандарының 35-ін қызыл алау шарпып, құны 7 миллион теңгеден астам соманы құрайтын шығын келген. Ал 2016 жыл басталғалы 1 білім мекемесінде өрт жағдайы тіркелді.

    ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ПУМСЭ ТАЕКВОНДОСЫ РЕСМИ МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ

    18.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАҒА – 33 ЖЫЛ

    18.11.2026

    ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУЕТІ

    18.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.