Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Отырар ауданында апат зардабын жою жұмыстары қарқынды жүргізілуде
    Жаңалықтар

    Отырар ауданында апат зардабын жою жұмыстары қарқынды жүргізілуде

    Айғақ медиаАйғақ медиа17.06.2016573 Views

    Өздеріңізге мәлім,  14 маусым күні табиғаттың тосын мінезінен өңірдегі бірқатар аудандарда жүздеген нысанның шатыры ұшып, ғимараттарға зиян келген болатын. Қарқындылығы 25-30 метрге жеткен күшті желдің салдарынан Отырар ауданына келген материалдық шығынның көлемі көп болып тұр. Аудан әкіміЕрлан Айтахановтың  шешімімен Отырарда  «жергілікті сипаттағы төтенше жағдай» деп жарияланды. Енді бюджеттен қаржы бөлініп, бүлінген мүлік қайта қалпына келтіріледі. Дегенмен, мемлекеттің көмегін күтпей-ақ , қазіргі таңда аймақта ең қысқа мерзім ішінде  қайта қалпына  келтіру жұмыстары басталып кеткен. Оған мұрындық болып  аудан әкімдігі мен жергілікті кәсіпкерлер атсалысуда.Sequence 01.00_43_43_03.Still003Күшті дауылдың  8 ауылдық округтегі 13 елдімекенге зияны  тиген. 600-ден аса тұрғын үй,12 мектеп, 3 әкімшілік ғимарат пен екі денсаулық сақтау нысандарына  келген шығынның көлемі  әртүрлі. Алдын-ала есептеулер бойынша материалдық шығын-76 млн.теңгеге бағаланып отыр екен. «Саусақ бірікпей, ине ілікпейді». Ауызбіршілігі жарасқан ілкімді істі Отырардағы басқалай айтуға келмес. Күні кешегі табиғат апатынан зардап шеккендерге аудан басшылары мен ақ жүрек азаматтары немқұрайлық танытпай, материалдық  көмек көрсетуде.Sequence 01.00_28_19_04.Still002Дауылдан аса қатты зардап шеккен — Шойманов ауылы. Сондықтан негізгі күш осында жұмылдырылған. Төтенше жағдай орын алған күні- ақ жедел құрылған жұмысшы комиссия тобы зардап шеккен тұрғын үйлердің шығынын есептеп, тиісті құжаттарын жиануға қолқабыс етіп жатыр. Мемлекеттің қаржысын күтіп жатпай-ақ, аудан әкімі Ерлан Айтаханов жергілікті кәсіпкер азаматтарды жұмылдырып алғашқы көмекті жеткізді. Яғни тұрғын үйлердің ұшып кеткен шатырларын қайта түгелдеп, азық -түлікпен қамтамасыз етуде. Аудан орталығы Шәуілдірдегі көпқабатты 24 үйде табиғаттың тосын мінезіне шыдас бермей, шатырлары жұлынып кеткен. Бүгін  арнайы техникамен жаңа шатырлар әкелініп, үйлердің төбесі жабылып жатыр.Sequence 01.00_47_43_14.Still004Шытты ауылындағы Дәрібаев мектебі 2012 жылы пайдалануға берілген. 200 орындық мектептің кешегі апаттан кейінгі жағдайы осындай. Ғимараттың шатыры, қабырғалары бүлінген. Мекеме қызметкерлері мен оқушылары  өз күштерімен су астында қалған мектеп мүлкін жинастырып, абыр — сабыр болып жатыр. Сондай-ақ, қатты залал келген Айтменов негізі орта мектебінің де көрінісі мәз емес. 100 орындық білім ордасының қазір қайта жобалау сметалық құжаттары дайындалу үстінде. Келтірілген шығын көлемі бес жарым млн.теңге. Бұл қаржы мемлекет қазынасынан бөлінбек. Тек, жергілікті әкімдік құжаттардың рәсімделуін күтіп отырған жокпыз дейді. Аудан басшылары тығырықтан жол тауып,  кәсіпкерлерден құрылыс материалдарын қарызға алған. Қолдағы бар дүниемен мектептің шатыры қайта жабылу үстінде.Sequence 01.00_27_38_24.Still001Ел басына күн туғанда ауданның депутаттары да қарап қалмапты. Халық қалаулылары бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, зардап шеккен  елдің қасынан табылдық деп отыр.  Төтенше жағдайдан келген зардаптың  30-35 пайызын аудан кәсіпкерлердің демеушілігімен ретке келтірмек.  Дүлейден аса шығын  болған залалдың алпыс пайызы енді бюджетке қарап отыр. Ал аудан әкімі Ерлан Айтаханов оған дейін шығын келген тұрғын үйлерге көмек жалғаса бермек дейді. Сондай-ақ, қатты желден істен шыққан 13 елдімекендегі электр желісі де бүгін қайта қалпына келтіріліп, ауылдар толық жарыққа қосылды.

    Гүлжан Нұрланқызы

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ПУМСЭ ТАЕКВОНДОСЫ РЕСМИ МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ

    18.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАҒА – 33 ЖЫЛ

    18.11.2026

    ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУЕТІ

    18.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.