ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев С.Оразбаевтың М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында 50 жылдан аса жұмыс істегенін, осы уақыт ішінде 100-ден астам рөлді сомдағанын атап өтті. Мемлекет басшысы халық әртісінің қазақ театрының дамуына куә болып, Қ.Бадыров, С.Қожамқұлов, Қ.Қуанышбаев сынды сахна саңлақтарымен бірге өнер көрсеткеніне назар аударды. Кездесу барысында Қазақстан Президенті отандық театр өнерінің дамуына қосқан елеулі үлесі, бейбітшілікті, достық пен қоғамдық келісімді нығайтуға сіңірген еңбегі үшін С.Оразбаевты І дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады. С.Оразбаев марапат үшін, сондай-ақ М.Әуезов атындағы театрды және жалпы театр өнерін дамытуға көңіл бөліп отырғаны үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс айтты.
ИДЕОЛОГИЯ — ҚУАТТЫ КҮШ
Ұлтты ұйыстыратын да, ұяны бұзатын да – ұлттық идеология. Қоғамның кеселін анықтап, оны емдеуші, отбасы, жастар, билік институтын берік қалаушы...