Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Боздақтар»Ерлік елеусіз қалмады
    Боздақтар

    Ерлік елеусіз қалмады

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа20.05.2016Updated:20.05.2016Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    23 тамыз – Ресей Федерациясы, Тверь облысы, Зубцов қаласының жау қолынан азат етілген күні. Сұрапыл соғыс айналып өтпеген бұл жер 1941 жылдың күзі мен 1942 жылдың жазында қарсылас қос елдің шабуылдары қызған жер. Елін қорғаймын деп жырақта қаншама жауынгер жер жастанса, олардың арасында белгісіздер тізімін толтырғаны қаншама. 2013 жылдың тамызында тағы 50- ге жуық боздақтың аты-жөндері анықталып отыр. Олардың арасында Қазақстаннан майдан даласына кеткен 6 азаматтың, 2-уі оңтүстікте туылғандар.

    02

    Зубцов ауданынан 40 шақырым жердегі Веригино елдімекеніне Оңтүстік Қазақстаннан бір топ делегаттарды бастап облыстық мәслихаттың депутаты Дулат Әбіш барды. Ал, «Айғақ» телеарнасының түсірілім тобы Ұлы Отан соғысы жылдарында қайтыс болып, бүгінге дейін аты-жөндері анықталмаған тұлғаларды дәстүрге сай қайта жерлеу рәсімін қатысып, арнайы фильм түсірді.

    Сайрамдық Тұрғынов Қамбархан мен Бәйдібек ауданының тұрғыны Ерхан Сұлтанқұлов, араға 71 жыл салып аталарының қаза тапқан жеріне келіп отыр. Екеуі де майданға аттанған күннен бері хабар-ошарсыз болған Байназаров Байтей мен Сұлтанқұл Ерденовтың немерелері. 1895 жылы туылған Байназаров Байтей Сайрам ауданындағы Қайнарбұлақ ауылынан болса, Ерденов Сұлтанқұлдың ұрпақтары Бәйдібектегі Қайнабұлақ ауылында ғұмыр кешуде. 2013 жылдың мамыр айында екі отбасының жылдар сарылып іздегені табылды. Қазақстандық 6 азаматтың сүйегін Алексей Кузнецов басқаратын «Броня» іздестіру тобы тапқан. Зубцов ауданында 2001 жылдан бері осындай сауапты іспен айналысып келе жатқан топ басшысы биылғы шараға көршілес қазақ елінен батырлар ұрпағының көптеп келгенін ерекше атап өтті. 01

    Веригино елдімекеніне бұл күні бабасын іздеп оңтүстікқазақстандық делегациядан бөлек Балхаш қаласынан да бір топ қандастар келді. 75 жастағы Күләш Найзабекова 1942 жылы соғысқа кеткен әкесінің сүйегін таптық деген хабарды естігенде, бірден осында келген. Міне, араға 71 жыл салып әкесін қайта жер қойнына тапсырып отыр. Салтанатты шараға қатысқан жауынгерлер ұрпағына ата-баба бейітінің басынан бір уыс топырақ пен есімі жазылған гильзасы естелікке табыс етілді.

    Веригино маңындағы буаырластар зираты биыл тағы 487 азаматпен толығып, Ржев түбіндегі қанды шайқаста белгісіз болып кеткен жауынгерлердің тізімі 54 есімге қысқарды. Жырақтағы отбасын, бала-шағасын, ұшқан ұясын тастап, отан үшін от кешуге аттанып, опат болған қаншама боздаққа туған жердің топырағы жарты ғасыр уақыт өткен соң, бұйырды.

    03

    04

    23.08.2013 жыл

    Эльвира Ортаева

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ТҮРКІСТАНДА ЗАМАНАУИ, ЖАБЫҚ ҮЛГІДЕГІ БАЗАР БОЙ КӨТЕРДІ

    02.09.2021

    ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ КОМАНДАСЫ ЖАМБЫ АТУДАН ӨТКЕН ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫНДА АЛТЫН МЕДАЛЬ ИЕЛЕНДІ

    28.05.2021

    Ашаршылыққа қарсы көтеріліс ұйымдастырғандар жайлы білеріміз аз – Берік Әбдіғалиұлы

    10.04.2021
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.