Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»«Қазақстан өңірлерінде бірлік пен біртектілікті нығайту бойынша этносаяси менеджмент»
    Жаңалықтар

    «Қазақстан өңірлерінде бірлік пен біртектілікті нығайту бойынша этносаяси менеджмент»

    Айғақ медиаАйғақ медиа18.05.2016157 Views

    Сейсенбі күні М. Әуезов атындағы ОҚМУ ғимаратында Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ұйымдастыруымен «Қазақстан өңірлерінде бірлік пен біртектілікті нығайту бойынша этносаяси менеджмент» тақырыбындағы үш күндік өңірлік семинар-тренинг басталды. Жиынға Қызылорда, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстары және Алматы қаласының мемлекеттік органдардың қызметшілері, ҚХА хатшылықтарының жетекшілері мен мамандары, өңірлік «Қоғамдық келісім» мекемелерінің қызметкерлері, этномәдени, діни, жастар ұйымдарының жетекшілері қатысуда. Семинарды ашқан Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ұласбек Сәдібеков барша қатысушыларға сәттілік тілеп, елімізде жүргізіліп жатқан этносаралық саясаттың маңызына тоқталды. Үш күндік семинар барысында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының профессорлары, Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығы жанындағы ғылыми-сарапшылық топтың мүшелері арнайы дәрістер оқып, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында белгіленген жалпыұлттық бірлік пен бірегейлікті қалыптастыру міндеттерін жүзеге асыру тетіктері талданады.  Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілердің этикасы мен имиджі мәселесіне көңіл бөлінеді. Семинар-тренинг жұмысы барысында қатысушыларға арналған облыстық Әдеп-ғұрып және салт-дәстүр орталығында және Оңтүстік Қазақстан облысының тарихи-өлкетану мұражайында экскурсия ұйымдастырылады.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ПУМСЭ ТАЕКВОНДОСЫ РЕСМИ МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ

    18.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАҒА – 33 ЖЫЛ

    18.11.2026

    ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУЕТІ

    18.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.