Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Облыс әкімі Қаратау ауданына жаңадан қосылған елді мекендерді аралады
    Жаңалықтар

    Облыс әкімі Қаратау ауданына жаңадан қосылған елді мекендерді аралады

    Айғақ медиаАйғақ медиа17.05.2016186 Views

    Дүйсенбіде өңір басшысы Б.Атамқұлов Шымкент қаласына қарасты Қаратау аудандық әкімдігіне Сайрам ауданынан жаңадан қосылған бірқатар елді мекендердегі нысандарды аралады. Сондай-ақ, ондағы жергілікті тұрғындармен кездесіп, мәселелерін тыңдады. Жұмыс сапарына облыстық мәслихат депутаты Р.Омаров пен қалалық әкімдіктің жетекшілері де қатысты.
    Жұмыс тобы, ең алдымен, ондағы орталық саябақты көрді. Демалыс орнын қайта жөндеуден өткізіп, жергілікті халық үшін ыңғайлы орынға айналдыру керектігін айтқан облыс әкімі бұл мәселені шешу ісін қала әкімдігіне жүктеді. Мұнан соң, Б.Атамқұлов аудандағы №1 қалалық ауруха мен №12 емхананың жағдайымен танысты. Мұндағы басты проблема – жергілікті халық үшін медициналық жедел жәрдем бөлімшесінің жоқтығы. Мәселеге қанық болған аймақ басшысы ауданнан жедел жәрдем стансасын салуды жауапты мамандарға тапсырды. Бұрынғы Сайрам ауданына қараған орталық базар жұмысшы топтың назарынан тыс қалған жоқ. Ондағы сауда орындарының орналасу тәртібі мен жол бойындағы көлік кептелісіне куә болған өңір басшысы жауапты сала мамандарына сол маңнан арнайы автотұрақ салуды жүктеді.Әкімге мәлім болған тағы бір мәселе – ол Сайрам халқы үшін халыққа қызмет көрсету орталығының жоқтығы еді. Жергілікті жұрттың құжаттарын реттеу үшін қалаға сабылатынын тыңдаған облыс әкімі ондағы облыстық өзбек театрының ескі ғимаратын халыққа қызмет көрсету орталығына айналдыру тапсырмасын жүктеді.Жұмыс тобы, сонымен қатар, қайта жөндеу жұмыстарына қаржы бөлінген Мәртөбе тариxи ескерткішін көрді.Ауданның тыныс-тіршілігімен танысқан Б.Атамқұлов Сайрамдағы тас жолдың қайта жөндеуі мен күрделі жөндеу жұмыстарын 2016-2017 жылдары аяқтап, аяқжолдарды ретке келтіру мен көшелердің жарықтандырылуын, сонымен бірге, су құбыры жүйелерін қалпына келтіру тапсырды.Сондай-ақ, облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, жақын маңдардағы карьерлерден инертті материалдарды Сайрам арқылы тасымалдауға тыйым салу жоспарлануда.

    ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ПУМСЭ ТАЕКВОНДОСЫ РЕСМИ МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ

    18.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАҒА – 33 ЖЫЛ

    18.11.2026

    ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУЕТІ

    18.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.