Облыс аумағында бүгінгі күнге су басу жағдайы бір қалыпты өтуде. Облыс аумағында орналасқан 41 су қоймаларында судың жиналу көлемі 85-90 % құрайды. Барлық су қоймалар транзиттік режимге өткізілген. Су басу қауіпті Жабағлы, Машат, Жігергенсай, Балдыберек, Бадам, Қаржансай, Өгем, Қарашық, Баялдыр, Арыс, Келес, Сайрам-су өзендерде су деңгейін және ағысын анықтайтын тұрақты түрде 43 және 2 уақытша гидробекеттер жұмыс жасайды. Су қоймаларда күнделікті су деңгейіне мониторинг жасалуда. Бүгінгі күнге нақты су ағысы орта деңгейден төмен ағуда. 2016 жылғы 16 мамырда жаңбырдың салдарынан Бадам өзенінде су басу орын алды. Бұл туралы хабар сағат 17.00-де келіп түскен. Өзенде судың максималды деңгейі секундына 80 текше метрді құрады. Бадам өзені бойындағы абаттандырылған саяжолдың шамамен 700 шаршы метрді су басқан.
Оқиға орнында ОҚО ТЖД 10 адам жеке құрам және 3 техникасы, «ЛТД Тұрмыс» ЖШС 20 адам жеке құрамы және 3 техникасы, жергілікті атқарушы органның 3 адамы жұмыс атқарған. Екі сағат көлемінде 500 текше метр су шығарылды. Сағат 21.00-де жұмыс толық аяқталды, зардап шеккендер жоқ, жақын орналасқан тұрғын үйлерге қауіп төнген жоқ. Бадам өзенінде су деңгейі 2016 жылғы 17 мамырында түскен және судың максималды деңгейі секундына 50 текше метрді құрап отыр.
ОҚО ТЖД мемлекеттік тіл
және ақпарат тобы