Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Қазақстанның көне төрт қаласы ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мәдени мұралар тізіміне енбек
    Жаңалықтар

    Қазақстанның көне төрт қаласы ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мәдени мұралар тізіміне енбек

    Айғақ медиаАйғақ медиа16.05.2016671 Views

    Төрт қазақстандық көне қаланы ЮНЕСКО Дүниежүзілік мәдени мұралар тізіміне енгізу жоспарлануда, деп мәлімдеді ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ҚР Ұлттық комиссиясының отырысында ҚР мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы. Өз сөзінде ол, «Қазір біздің мақсатымыз — Ұлы Жібек жолының одан арғы жалғасын тізімге енгізу. Сонымен қатар, Ұлы Жібк жолының Сырдариядағы бөлігі және Сығанақ, Отырар, Сауран, Сарайшық қалаларының көне орындары енгізіледі. Таяу арада ЮНЕСКО отырысында біз осы ұсынысымызды енгізе аламыз», — деді. Оның айтуынша, сәйкес номинацияларын тағайындау нәтижесінде ЮНЕСКО Қазақстанға реставрациялау жұмыстарын жүргізуге көмектеседі. «Мысал ретінде өткен жылы Қожа Ахмет Яссауи мавзолейін реставрациялау кезінде үлкен мәселе туындағанын айта аламын, сол кезде ЮНЕСКО тарапынан көмек көрсетілді», — деп баса айтты ол. Министр Сарайшық қаласының сәулеттік келбетін сақтауға алаңдайтынын білдірді. «Сарайшық облыстық басқарманың назарындағы нысан ғана емес, Дүниежүзілік мұра нысаны мәртебесін алса деп тілейміз. Сонда біз басқа да қаражаттарды тарта аламыз», — деп түсіндірді ол. Министр атап өткендей, Қазақстанда ЮНЕСКО бастамасымен мәдениеттерді жақындастырудың мамандандырылған орталығы жұмыс істейді, оны академик әрі археолог Карл Байпақов басқарады. «Осы орталықтың арқасында ЮНЕСКО-мен ғана емес, әлемнің басқа да ірі мәдени орталықтарымен өзара іс-қимылының арқасында көп есе белсенді болады. Біз Қазақ хандығының 550-жылдығының арқасында Қазақстанда алғаш рет Көне Тараз археологиялық қалашығын ұйымдастырдық», — деді ол.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ПУМСЭ ТАЕКВОНДОСЫ РЕСМИ МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ

    18.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАҒА – 33 ЖЫЛ

    18.11.2026

    ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУЕТІ

    18.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.