2016 жылдың 11 мамыр күні Сарығаш АІІБ-на түнжарымында 53 жастағы жергілікті тұрғын 10 мамыр күні, сағат 15.00-де кәмелет жасқа толмаған, 1998 жылы туылған Әйгерім Оспанбекова Шымкент қаласына оқуға шығып кетіп, із-түссіз жоғалғаны туралы арызданып келген. Аталған жайт Сарыағаш АІІБ бірыңғай сотқа дейінгі тергеу реестріне тіркеліп, іздеу жұмыстары жүргізілуде. Полицейлердің анықтағанындай, жас қыз демалыс уақытында ата-анасына келген және ағымдағы жылдың 10 мамыр күні, шамамен сағат 15.00-де заттарын жинап көшеге шыққан, Жетісай-Шымкент тас жолына шығып, өтпелі автокөлікке отырып, Шымкент қаласына бару керек болған. Қазіргі таңда ОҚО ІІД бастығының бұйрығымен ОҚО ІІД Криминалды полиция және Сарыағаш АІІБ-ның тәжірибелі қызметкерлеріне жедел тергеу тобы құрылды. Полицейлер барлық жедел ізестіру шараларын жүргізуде. Барлық Қ(А) ІІБ-на із-түссіз жоғалған Әйгерім Оспанбекованы табу үшін бағыт берілген.
Қыздың белгілері: бойы – шамамен 160-165см, орта бойлы, қоңыр үзын шашты, қоңыр-қысыңқы көзді.
Киімі: қызыл түсті футболка, алдында ақ жүректің суреті бар, көк түсті джинс, қара түсті аяқ киім (кеды), қолында сұр түсті жол сөмкесі және сары түсті қол сөмкесі, құлағында ромб пішінді сырғасы болған.
Ерекше белгілері: құлағында ромб пішінді сырғасы болған. Оңтүстік Қазақстан облысының полицейлері облыс тұрғындарына және көрген азаматтар бар болса, егер де із-түссіз жоғалған қыз туралы хабар болса, дереу «102» нөміріне полицияға хабарласуды сұрайды.