Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»ОҚО әкімі барша өңір тұрғындарын Жеңіс күнімен құттықтайды
    Жаңалықтар

    ОҚО әкімі барша өңір тұрғындарын Жеңіс күнімен құттықтайды

    Айғақ медиаАйғақ медиа09.05.2016365 Views

    Құрметті Ұлы Отан соғысының ардагерлері, тыл еңбеккерлері мен оңтүстікқазақстандықтар! Сіздерді Жеңіс күні мерекесімен құттықтаймын! 9 мамыр – әрбір төртінші азаматын соғысқа аттандырған қазақстандықтардың және жарқын болашаққа батыл қадам жасаған бүгінгі Тәуелсіз Қазақстанның мерейлі мейрамы. Ерлік – елге мұра, ұрпаққа үлгі. Сұрапыл соғыс кезіндегі аға буынның қайсарлығы мен төзімділігі бүгінгі ұрпақтың санасында нағыз отансүйгіштіктің үлгісіндей болып қала бермек. Сан қатпарлы тарих қойнауына еніп кеткен ақтаңдақ жылдардағы ел азаматтарының жан аямас жаужүректілігі мен тыл еңбеккерлерінің ерен еңбектеріне біз әрдайым құрметпен бас иеміз. Ұлы Отан соғысына Оңтүстік Қазақстаннан 140 мыңнан астам адам аттанып, олардың жартысына жуығы туған жерге оралмады. ІІ Дүниежүзілік соғыста жанқиярлық ерлігі үшін оңтүстікқазақстандық 51 азаматқа Кеңес Одағының батыры атағы берілсе, 8 жерлесіміз «Даңқ» орденінің иегері атанды. Жаужүрек қайсарлығы үшін мыңдаған ардагерлеріміз түрлі орден, медальдармен марапатталды.004-350x320Бүгінде от пен оқтың арасынан елге аман-сау оралған майдангерлердің 325, тылда тынымсыз тірлік жасағандардың 21 мыңнан астамы арамызда бар. Мемлекеттік саясаттың арқасында ардагерлерді әлеуметтік тұрғыда қорғау, қолдау шаралары жүйелі іске асып келеді. Құрметті Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлері!

    Сіздер, Отанға қызмет етудің озық үлгісін көрсетіп, соғыстан кейін де аянбай еңбек еттіңіздер.

    Жеңіс күні – көңілдеріңізге нұрлы шуақ ұялатып, жарқын қуаныштар әкелсін. Сіздерге мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларыңызға амандық тілеймін!

    Тәуелсіз Қазақстанның аспаны әрқашан ашық болсын!

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ПУМСЭ ТАЕКВОНДОСЫ РЕСМИ МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ

    18.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАҒА – 33 ЖЫЛ

    18.11.2026

    ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУЕТІ

    18.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.