Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі. Әңгіме барысында Қазақстан мен Ресей көшбасшылары бір-бірін алдағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 71 жылдығымен құттықтады. Мемлекеттер басшылары сондай-ақ екіжақты ынтымақтастықтың және еуразиялық кеңістіктегі аймақтық өзара іс-қимылдың ағымдағы мәселелерін талқылады.
РӘМІЗДЕРГЕ ҚҰРМЕТ — БАЛАБАҚШАДАН БАСТАЛАДЫ
Мемлекеттік Рәміздерді дәріптейтін маңызды күнді №73 «Айжан» бөбекжай бақшасы сүйіспеншілікпен атап өтті. Отанға деген махаббат балабақшадан басталады. 350 бала тәрбиеленіп...










