Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Облыс әкімі құрылысы жүріп жатқан жолдардың сапасын бақылады
    Жаңалықтар

    Облыс әкімі құрылысы жүріп жатқан жолдардың сапасын бақылады

    Айғақ медиаАйғақ медиа05.05.2016223 Views

    Сәрсенбіде өңір басшысы Бейбіт Атамқұлов Шымкент қаласы мен шаһар маңындағы автомобиль жолдарының сапасын бақылап, жерлердің мақсатты пайдаланылуына назар аударды. Қазіргі таңда аймақтағы автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 20 987 шақырымды құраса, оның 13 789 шақырымы облыс орталығына тиесілі. Өңірде жол жөндеу жұмыстарына айрықша назар аударылады. Мәселен, осы жылы 142 нысанның құрылыс-жөндеу жұмыстары жүргізіледі деп жоспарланса, Шымкент қаласы бойынша 13 нысанға қайта жөндеу жұмыстары жүргізіліп, екі көшенің құрылысы, темір жол өткелі мен жер асты өткелін салу күн тәртібіне қойылып отыр. Алайда, бұл бағытта атқарылар жұмыстар баршылық. Қаланы аралау кезінде Бейбіт Атамқұлов саладағы бірқатар өзекті мәселелер ретін атады. Мысалы, шаһар көшелерінде мүмкіндігі шектеулі азаматтардың өтуіне тиісті жағдайлар жасалмаған. Ол үшін көшелердің бойына ыңғайлы еңістер жасап, жаяу жүргіншілер жолын салу керек. Сонымен қатар, облыс басшысы қаладағы көшелердің әлсіз жарықтандырылуына назар аударып, ондағы бағаналардың екі жағына да экономикалық үнемді әрі қуаты күшті шамдарды орнатудың мүмкіндігін қарастыруды тапсырды. Мұнан бөлек, жұмыс сапары кезінде аймақ басшысы «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық автомагистралінің бірқатар учаскелерін аралады. Онда өңір басшысы мердігер компанияның маңызды көлік дәлізінің құрылысын кешеуілдетіп жатқанына тоқталып, жолды жөндеу жұмыстарының сапасына назар аударды. Өз сөзінде, өңір басшысы айтылған кемшіліктердің осы жылдың қыркүйек айына дейін ретке келтірілуін тапсырып, кезекті рет бақылау жұмыс тобының ұйымдастырылатын айтты. 13131756_968895089893497_6456870732713481836_oЖұмыс сапары кезінде жерді мақсатсыз пайдалану мәселесі де Бейбіт Атамқұловтың назарынан тыс қалған жоқ. Аймақ басшысының тапсырмасына сәйкес, мемлекеттік органдар салынған ғимараттардың құжаттағы сәйкестігі тексеріліп, заңсыз салынған құрылыс нысандары бұзылатын болды. Ал «Дала» ЖШС-не Шымкент қаласының маңындағы жергілікті тұрғындарға сол маңдағы қазаншұңқырды қауіпсіз ету шараларын қабылдауды тапсырды.Жұмыс сапарының соңында мемлекеттік органдарға тиісті тапсырмаларды орындауды қамтамасыз ету мен жол құрылысы саласындағы бақылауды күшейту жүктелді.

    ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ПУМСЭ ТАЕКВОНДОСЫ РЕСМИ МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ

    18.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАҒА – 33 ЖЫЛ

    18.11.2026

    ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУЕТІ

    18.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.