Шымкент мұнай өңдеу зауытын («ПетроКазахстан Ойл Продактс» ЖШС, ПКОП) модернизациялау жобасы бойынша, ИИДМБЖ аясында бірқатар жаңа қондырғылар салынып, іске қосылды. Белсенді құрылыстар сатысында ПКОП-тың негізгі қондырғылары да бар. Зауытты жаңғырту мен қайта құрылымдау жобасын іске асыру барысымен «Самұрық-Қазына» АҚ Басқармасының Төрағасы Өмірзақ Шөкеев жұмыс сапармен Шымкентте болған кезінде аралап, танысты. Қор басшысы шикізатты алдын ала гидротазарту блогы бар изомерлеу қондырғысының құрылыс алаңдарын, каталитикалық крекинг қондырғысын, мұнай өнімдерін нүктелеп құю қондырғысын аралап көрді, модернизацияның іске қосылған дизельдік отынды гидротазартатын және күкірт шығаратын қондырғы нысандарымен танысты.Зауытты жаңғырту мен қайта құрылымдау қарқынды жүріп жатыр. Изомерлеу қондырғысында іргетас құрылысына 6 542 м³ бетон құйылды, 52 бірлік немесе 38% жабдықтар және 729 тонна немесе 20,6% металл құрылымы құрастырылды. Трансформаторлық подстанса ғимаратының бетон қаңқасы салынып бітті. Изомерлеу қондырғысының құрылысы шығарылатын өнімнің сапасын, экологиялық құрамын айтарлықтай арттырады, жоғары октанды бензин шығаруға жол ашады, К5 экологиялық класының (Кедендік Одақ елдерінде Евро-5 аналогы) талаптарына сәйкестендіреді.Мұнай өнімдерін нүктелеп құю қондырғысын салу жалғасуда, ол бензинді цистернаға құю процесін автоматтандыруды қамтамасыз етеді. Қондырғының іргетасын салу барысында 836 м³ бетон (немесе 41,5%) құйылды. Бүгінгі таңда «ПКОП» ЖШС-ның құрылыс-монтаж жұмыстарына 505 адам жұмылдырылған. Қауырт құрылыс кезеңдерінде 3 500 адамға дейін тарту жоспарлануда. Жұмыс кеңесінде Ө.Шөкеев Қазақстан экономикасын әртараптандырудағы бұл жоба басты рөл ретінде, белгіленген кесте бойынша уақытылы орындалуы қажет екенін атап айтты. «ПетроКазахстан Ойл Продактс» ЖШС жаңарту мен қайта құрылымдау 2011 жылдан бері іске асырылуда. Аяқталуы 2017 жылдың соңына жоспарлануда.
Нәтижесінде зауыт автокөлік жанармайларының К4 және К5 экологиялық стандарттарын шығаратын болады, мұнай өңдеудің тереңдігі ұлғаяды, ал мұнай өңдеу мөлшері жылына 5-тен 6 млн. — ға дейін артады. Отандықі үш МӨЗ-ді модернизациялау — 2018 жылы Қазақстан Республикасын автокөлік жанармай рыногында импортты алмастырумен қамтамасыз етеді.
«ҚазМұнайГаз-өңдеу-маркетинг» АҚ
Жұртшылықпен байланыс жөніндегі қызметі