Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің өкімімен конкурс нәтижелері бойынша Оңтүстік Қазақстан облысы дін істері басқармасының басшысы лауазымына Батырбек Қаратайұлы Жалмұрзаев тағайындалды.
1955 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында туылған, білімі жоғары, мамандығы бойынша біліктілігі – қазақ орта мектебінің физика пәнінің мұғалімі.
Еңбек жолын 1973 жылы Ақтөбе ет комбинатының жұмысшысы болып бастаған. 1980-1990 жылдары Ақтөбе облысы Ембі стансасы темір жол торабы комсомол комитетінің хатшысы, Мұғалжар аудандық партия комитеті жалпы бөлімінің меңгерушісі, саяси ағарту кабинетінің меңгерушісі болған. 1995-2007 жылдары Түлкібас ауданы әкімі аппараты жалпы бөлімінің меңгерушісі, аудандық білім бөлімінің меңгерушісі, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты әлеуметтік-мәдени кешен, әлеуметтік реформалар мониторингі, қоғамдық қатынастар мониторингі бөлімдерінің меңгерушісі, ОҚО ішкі саясат және дін істері жөніндегі басқармаларының басшысы, Сайрам аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы лауазымдарын атқарған.
2016 жылдың ақпан айынан бастап ОҚО дін істері басқармасы басшысының міндетін атқарушы болып қызмет етіп келді.
АРДАГЕРЛЕР ЕРЛІГІ ЕЛ ЕСІНДЕ!
Шымкент қаласында Ұлы Отан соғысына қатысқан екі ардагеріміз қалды. Соның бірі 1925 жылы 20 мамырда Түлкібас ауданында дүниеге келген, 1943...