Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»«Ақбұлақ» бағдарламасы бойынша оңтүстікте 208 елдімекен таза ауыз суға қол жеткізген
    Жаңалықтар

    «Ақбұлақ» бағдарламасы бойынша оңтүстікте 208 елдімекен таза ауыз суға қол жеткізген

    Айғақ медиаАйғақ медиа07.04.2016373 Views

    100 нақты қадам «Ұлт жоспарының» жүзеге асырылу барысы барлық өңірлерде қарқынды жүргізілуде. Әсіресе, әлеуметтік мәселелерге келгенде нақты жоспарлардың нәтижесі күн өткен сайын байқалуда. Елбасы саясатындағы 100 нақты қадамның 50-ші, 51-ші және 52—ші қадамдары тікелей осы мәселелерге байланысты. Осы орайда БАҚ өкілдерінің басын қосқан облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы атқарылған жұмыстарымен бөлісті.

    Бүгінгі басқосу басқарманың ең негізгі бағыты энергетика саласында атқарған жұмыстарды баяндаудан басталды. Өңірді электр қуатымен 100 пайыз қамтамасыз етіп отырмыз деген басқарма басшысы Марғұлан Марайым өзгенің өніміне болашақта біртіндеп тәуелділік болмайтындығын айтады.  Мәселен, қолға алынған 28 жобаның іске асырылуын көздеп отырған басқарма шетелден инвеститция тартуды да көздеп отыр екен. Ал, биылға 18 нысанның құрылысын бастап, оның 17 — ін жыл соңына дейін бітіреміз дегенді алға тартады. Оған қазынадан 6 млрд. астам қаржы қарастырылып отыр екен. Сонымен қатар, тозығы жеткен ішкі желілерді жаңартуға 4 млрд. теңге қарастырылса, қалаға енді ғана қосылып жатқан елдімекендерді де елеусіз қалдырмайтындықтарын айтады. Бұл жолда нақты жоспарлар түзілмеген алайда жекеменшік электр көздерін таратушыларды жүгенсіз жібермейміз дейді басқарма басшысы. Ал, «Ақбұлақ» бағдарламасы бойынша 208 елдімекен таза ауыз суға қол жеткізген.

    Көгілдір отын мәселесіне кеңінен тоқталған Марғұлан Зұлқайнарұлы жыл басынан бері 268 елдімекенге табиғи газ кіргенін айтып, көпті қуантып қойды. Бұл жолда екі бағыт бойынша жұмыс жүргізілуде. Біріншісі, Бейнеу-Бозай-Ақбұлақ болса, екінші жоба Газли-Шымкент. Бірінші бағыт бойынша өткен жылы Түркістан қаласы мен Шаян ауылына газ беріле бастаса, осы жобаның екінші кезеңіне Кентау, Түркістан қалалары мен Отырар ауданының Шәуілдір елдімекені,  Ордабасы ауданының Темірлан елдімекені мен Арыс қалаларын газдандыру мәселелері жолға қойылып отыр екен. Екінші бағыт бойынша 2021 — 2022 жылға дейін Шымкент толығымен көгілдір отырға қол жеткізетін болады.

    Биылғы жылу маусымы ойдағыдай аяқталды деген басқарма басшысы Марғұлан Марайым туындаған мәселелерді дер кезінде шешуге тырысқандарын жеткізді. Осы қыста ауа-райының жылылығына байланысты 203 млн. теңге бюджет қаржысы үнемделген. Ал, қалған қаражат толығымен игерілген. Осы мақсаттардағы жұмыстар жүйелі түрде жоспарланып, алдағы уақытқа дайындықты  бастап кеткендерін жеткізген басшылық кеткен қателіктерді түзеуге тырысамыз дейді.

    Гүлнара Асқарқызы

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ПУМСЭ ТАЕКВОНДОСЫ РЕСМИ МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ

    18.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАҒА – 33 ЖЫЛ

    18.11.2026

    ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУЕТІ

    18.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.