Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»«Театр көктемі-2016» облыстық театр фестивалі шақырады
    Жаңалықтар

    «Театр көктемі-2016» облыстық театр фестивалі шақырады

    Айғақ медиаАйғақ медиа05.04.2016288 Views

    Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің қолдауымен ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Театр көктемі — 2016» облыстық театр фестивалі өтеді.
    Фестиваль облыстық қуыршақ, опера және балет, әзіл-сықақ және сатира театрларында, Ж.Шанин атындағы қазақ драма театры мен орыс драма театрында, облыстық өзбек драма театрларында 7-9 сәуір аралығында өңірдегі кәсіби театрлардың қатысуымен өтеді. Аталған театр фестивалін елімізге белгілі КСРО және Қазақстанның Халық артисі, М.Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық театрдың көркемдік жетекшісі Асанәлі Әшімов, Қазақстанның Халық артисі, тәуелсіз «Платиналы Тарлан» сыйлығының лауреаты Есмұхан Обаев, театр және кино актері, Қырғызстанның еңбек сіңірген артисі Бусурман Одуракаев, жазушы-драматург Мархабат Байғұт, әдебиетші, сыншы, профессор, Қ.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті жанындағы Түркология ғылыми-зерттеу институтының директоры Құлбек Ергөбек сынды бірқатар азаматтар қазылық ететін болады. Шара қорытындысы бойынша үздік деп танылған қойылымдар арнайы сыйлықпен марапатталып, бас жүлде иеленген театр ұжымына автокөлік тарту етіледі.

    Сіздердің назарларыңызға фестивальдің бағдарламасын қоса ұсынып отырмыз. Келем деушілерге есік ашық.

    7 сәуір
    — 11.00 — Облыстық қуыршақ театрында «Сағыныш шөбі» қойылымы;
    — 15.00 — Ж.Шанин атындағы облыстық академиялық қазақ драма театрында фестивальдің ашылуы;
    — 15.30 — Ж.Шанин атындағы облыстық академиялық қазақ драма театрында «Бас» драмасының қойылымы;
    — 18.00 — Облыстық опера және балет театрында А.Жұбанов пен Л.Хамидидің «Абай» операсы;
    — 20.30 – Облыстық опера және балет театрында Музыка түні өтеді.

    8 сәуір
    — 11.00 — Облыстық өзбек драма театрында «Аяулым Анфиса» комедиясы;
    — 15.00 — Облыстық әзіл-сықақ және сатира театрында «Қараша қаздар қайтқанда» драмасы;
    — 18.00 — Облыстық орыс драма театрында «Двойник» комедиясы;
    — 19.30 — Облыстық орыс драма театрында Поэзия түні өтеді.

    9 сәуір
    — 11.00 — Ж.Шанин атындағы облыстық академиялық қазақ драма театры сахнасында Қ.Жандарбеков атындағы Жетісай драма театрының «Түнек торы» драмасы;
    — 15.00 — Облыстық орыс драма театрында Түркістан қаласының сазды-драма театрының «Мұстафа Шоқай» драмасы;
    — 18.00 — Ж.Шанин атындағы облыстық академиялық қазақ драма театрында «Театр көктемі-2016» облыстық театр фестивалінің жабылуы мен марапаттау рәсімі өтеді.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ПУМСЭ ТАЕКВОНДОСЫ РЕСМИ МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ

    18.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАҒА – 33 ЖЫЛ

    18.11.2026

    ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУЕТІ

    18.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.