Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Созақта түйе сүтін өңдеу қолға алынбақ
    Жаңалықтар

    Созақта түйе сүтін өңдеу қолға алынбақ

    Айғақ медиаАйғақ медиа31.03.2016361 Views

    БАҚ өкілдеріне ағымдағы жылы атқарылған жұмыстарды баяндаған Созақ ауданының әкімі Мақсат Исаев өз есебін алдымен аймақтың қаржы, экономикалық әлеуетінен бастады. Айтуынша жергілікті бюджетке былтыр 8,5 млрд. теңгеге жуық қаржы түсіп, жоспар 120 пайызға артығымен орындалған.  Ал жалпы өңірлік өнім көлемі 224 млрд. 646 млн. теңгені құраса, оның 204 млрд. теңгеден астамы өнеркәсіп саласының еншісінде. Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы саласында өнірілген өнім көлемі де ұлғайып, 9 млрд. 31 млн. теңгені құраған. Әсіресе мал басы санын молайтуға қатысты мемлекеттік бағдарламалардың орындалу денгейі де жоғары көрсеткішке ие. Мұнан өзге, Созақ ауданының құрылыс саласында да былтыр жалпы соммасы 1 млрд. 788 млн. теңгені құрайтын қаржыға қыруар тірлік атқарылған. Мәселен, өткен жылы 4 білім мекемесі мен Тасты ауылында 50 орындық балабақша құрылысы аяқталып пайдалануға берілді. Ал дәл қазіргі таңда аймақ бойынша тағы 3 мектеп, 1 балабақша және Шолаққорған ауылында 50 тұрғын үйдің құрылыс жұмыстары басталған. Аталмыш әлеуметтік нысандардың барлығы да биылғы жылы пайдалануға беріледі деп күтілуде. Мұнан өзге «Жұмыспен қамту», «Балапан»  бағдарламаларының орындалу барысына тоқталған аудан әкімі мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндердің 81,3 пайызы балабақшамен қамтылғанын жеткізді. Сондай-ақ, Созақтағы жол, ауыз су мәселелерін шешу бағытындағы жұмыстарды да жан-жақты баяндады. Осы және өзге де атқарылған ауқымды жұмыстарды сөз еткен аудан басшысы облыс әкімі Бейбіт Атамқұловтың Созақ ауданынан  түйе сүтін жинау пункттерін ашу жобасының  жүзеге асырылу бағытына да тоқталып өтті.12719575_948435245272815_5039409636280472160_oОсылайша ауданның әлеуметтік экономикалық дамуы мен алда тұрған міндеттерді баяндаған Мақсат Исаев БАҚ өкілдерінің сан салалы сауалдарына да жауап берді. Теріскей өңірінде атқарылған жұмыстар баршылық, ал алдағы уақытта  аудан экономикасын жандандыруға арналған инвестициялық жобалар да ел әлеуетін арттыруға үлес  қоса бермек.

    Абай ОМАР

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ПУМСЭ ТАЕКВОНДОСЫ РЕСМИ МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ

    18.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАҒА – 33 ЖЫЛ

    18.11.2026

    ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУЕТІ

    18.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.