Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»«Кселл» клиенттерге жақсы қызмет көрсеткені үшін Хрусталь гарнитура алды
    Жаңалықтар

    «Кселл» клиенттерге жақсы қызмет көрсеткені үшін Хрусталь гарнитура алды

    Айғақ медиаАйғақ медиа31.03.2016311 Views

    Клиенттерге сервистік қызмет көрсетудің жоғары деңгейі үшін «Кселл» АҚ кезекті рет халықаралық құрметке ие болды. Хрусталь гарнитура конкурсында «Кселл» бірден екі номинацияда жеңімпаз атанды – «Клиенттердің өзіне-өзі қызмет көрсетуінің таңдаулы тәжірибесі» және «Әлеуметтік желілерде клиенттерге қызмет көрсетудің таңдаулы тәжрибесі». Хрусталь гарнитура — бұл 2005 жылдан бері қызмет етіп келе жатқан Call Center Guru кәсіпқойлар Қауымдастығының клиенттерге қызмет көрсету саласындағы таңдаулы тәжірибелерді номинациялау бағдарламасы. Осы жылы конкурсқа Ресейден, Украинадан, Қазақстаннан және Белорусиядан келген 100 аса байланыс орталықтарының 270 жобасы қатысты, бұл саны жағынан конкурсты өткізудің соңғы 12 жылындағы рекордтық көрсеткіш болды. Конкурсқа қатысу үшін, кандидаттардан клиенттермен жұмыс жасау индустриясындағы табыстары туралы эссе жазу талап етілді. Таңдаулы жұмыстары бар кандидаттар 180 қатысушыдан тұратын шорт-параққа келіп түсті. Финалистердің тізімі жарияланғаннан кейін, байланыс-орталықтарының басқарушыларынан және жетекші менеджерлерінен құралған қазылар алқасы бақылау сапаларының және эссені қорғау бағаларының қорытындылары бойынша дауыс берді және 33 негізгі және бірнеше қосымша номинациялар бойынша бағдарлама лауреаттарының есімдерін анықтады. «Кселл» командасы екі негізгі номинация – сайтта өзіне-өзі қызмет көрсету және әлеуметтік желілерде қызмет көрсету бойынша таңдаулы ретінде анықталды. Интернетпен жұмыс жөніндегі топта және «Кселл» компаниясында контент-провайдер болып небары 6 адам жұмыс жасайды, олар күнделікті 6 ірі әлеуметтік желілерде «Кселл» компаниясының корпоративтік парақшаларындағы 370 мыңнан астам жазылушылармен байланыста болады және 15 жергілікті қазақстандық форумдарда жауап береді. Корпоративтік парақшаларда пайдаланушыдан келіп түскен сауалға жауап беру 15 минутқа дейінгі уақытты құрайды, бұл ретте 74% пайыздарда мамандар 10 минутқа жетпейтін уақытта сауалдарды өңдеуді бастайды. Тәулігіне бұл топ, орташа, желі сапасының мәселелері бойынша, көрсетілетін қызметтер және өнімдер бойынша абоненттердің 400 сауалдарын өңдеп үлгереді. Бұған сонымен бірге оларға клиенттердің өзіне-өзі қызмет көрсету құралдары — Kcell және activ-навигаторлары, компанияның ресми сайттарындағы жеке кабинеттер, MyActiv, MyKcell мобильдік қосымшалар, сонымен қатар Kcell және activ сайттарындағы виртуалдық кеңесшілер көмектеседі. Сонымен қатар, виртуалдық кеңесшілер орташа есеппен «тірі» операторлардың жұмысын 70%-ға жеңілдетеді, бұл ретте абоненттердің сайттарға ағыны компанияның ресми сайттарына барлық келушілердің 40%-нан көбіне ұлғайды. «Хрусталь гарнитура беделді сыйлығындағы екі еселік жеңіс – бұл біздің компаниямыз өз абоненттеріне ұсынатын сервистің жоғары деңгейін халықаралық деңгейде дәлелдейтін айтарлықтай жетістік. Интернетпен жұмыс жөніндегі топқа бастамашылдықтары, белсенділіктері және өз жұмыстарына сүйіспеншіліктері үшін алғысымды білдіремін, олардың осы қасиеттері бізді осындай жоғары кәсіби құрметке жеткізді. Біздің компаниямыздың негізгі құндылығы әрқашан біздің клиенттеріміз болып табылады, сондықтан әлемдік деңгейдің ең жоғарқы стандарттары бойынша оларға сервистік қызмет көрсету біздің бизнес стратегиямыздың негізгі аспекті болып қала береді»,- деп атап өтті «Кселл» АҚ бас атқарушы директоры Арти Отс. Естеріңізге саламыз, 2015 жылдың қарашасында «Кселл» Қазақстандағы бірінші мобильдік оператор атанды, Байланыс Орталықтарын Сертификаттаудың Халықаралық Институтында клиенттерге қызмет көрсетудің бизнес-үдерістерін және аудитті тәуелсіз кәсіби сертификаттаудан өте отырып, халықаралық стандарттағы байланыс-орталық мәртебесін алды. «Кселл» компаниясының абоненттерін қолдаудың сервистік қызметі осы Институттың сертификатын алған Орталық-Азия өңіріндегі бірінші болды.4547457457Call Center Guru кәсіпқойлар Қауымдастығы – байланыс орталықтар және клиенттерге қашықтықтан қызмет көрсету индучтриясының кәсіпқойлар қауымдастығы. 9.000 астам бизнес-көшбасшаларды және Ресей, Украина, Қазақстан және өңірдің басқа елдерінің 1000 астам байланыс орталықтарының мамандарын біріктіреді.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІГІ

    28.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ӨНЕРНДІҢ ЖАҢҒЫРУЫ

    27.11.2026

    ҰЛТТЫҚ НАҚЫШ ПЕН ЗАМАНАУЫ СӘН ҮЙЛЕСІМІ

    27.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.