Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»«Дін және тарих тағылымы» жылы республика көлемінде атап өтілуде
    Жаңалықтар

    «Дін және тарих тағылымы» жылы республика көлемінде атап өтілуде

    Айғақ медиаАйғақ медиа29.03.2016565 Views
    SAMSUNG CSC

    2016 жылды «Дін және тарих тағылымы» жылы деп жарияланған Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасы осыған сәйкес биылғы жылы бірқатар іс-шаралар жоспарын әзірлеген. Соның бірі ретінде бүгін облыстық орталық мешітте кеңейтілген семинар ұйымдастырылды. Ал семинар жұмысына арнайы келген еліміздің Бас Мүфтиі Ержан қажы Маямеров, облыс әкімінің орынбасары Ербол Садырмен бірге алдымен мешіт аумағына жас ағаш көшеттерін отырғызды. Яғни көктем мезгілінің шуақты күнінде өңірімізге  табан тіреген Ержан Малғажыұлы  сауабы мол игі істің ұйытқысы болды.07

    06Ал мұнан соң Бас мүфтидің төрағалық етуімен кеңейтілген семинар өз жұмысын бастады. Келелі басқосуға Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасы жанынан құрылған «Ғұламалар кеңесінің» мүшелері және облыстың 850-ге жуық имам молдалары және медрессе ұстаздары да қатысты. Семинар барысында діни басқарманың 2015 жылы атқарған жұмыстары бойынша арнайы бейнефильм ұсынылып, жасалған жұмыстар жан-жақты сөз болды. Сондай-ақ, имамдардың біліктілігін арттыру, жоғары оқу орындары, медресселер мен мешіттер жанындағы сауат ашу курстарының бағдарламаларын жетілдіру мәселелері де талқыланып, мұсылмандықтың дәстүрлі жолы бойынша мақсатты түсініктемелер берілді.SAMSUNG CSC

    SAMSUNG CSC

    04Сондай-ақ, семинар барысында Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасы жанынан 2009 жылы құрылған Ғұламалар кеңесінің мүшелері де баяндама жасады. Аталмыш кеңестің мақсаты ислам негіздеріне сүйене отырып, қоғам өмірінде мұсылмандық ұстанымға қатысты туындап отырған өзекті мәселелерде пәтуалар шығарады. Басқарманың жалпы қызметі жүйесі және оның имамдары қызметінің негізгі бағыттарын зерттейді. Уағыз тақырыптары мен жұма уағыздары мәтіндерін бекітеді. Міне осындай маңызды міндетті  жүзеге асырушы ғұламалар кеңесінің өкілдері де жиында орамды ойларын ортаға салды.  «Дін және тарих тағылымы» тақырыбын арқау еткен семнар барысында бірқатар баяндамалар жасалып, ұсыныс пікірлер айтылды. Ал семинардың кезекті отырысы 30-31 наурыз күндері Сайрам ауданында өз жалғасын таппақ.

    Абай Омар

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ПУМСЭ ТАЕКВОНДОСЫ РЕСМИ МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ

    18.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАҒА – 33 ЖЫЛ

    18.11.2026

    ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУЕТІ

    18.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.