Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты басшысының 2016 жылғы 20 қаңтардағы №29 бұйрығымен облыс әкімі аппаратының жұмысын күшейтіп, міндеттерін арттыру мақсатында штаттық құрылымы 17 бөлімнен 11 бөлімге өзгертіліп, қайта құрылды. Жаңадан құрылған бөлімдерге жаңа міндеттемелер қойылып отыр. Облыс әкімі хатшылығының басшысы лауазымына Руслан Бауыржанұлы Құнабаев тағайындалды. Р.Б.Құнабаев 1990 жылы туылған, білімі жоғары, мамандығы — заңгер, есеп бизнесі, Стаффордшир университетінің түлегі. Еңбек жолын Қазақстан Республикасының Малайзиядағы Елшілігінің жүйе әкімшісі болып бастаған. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Ақпарат басқармасы сарапшысы, Активтерді басқару департаменті ведомстволық бағынысты ұйымдармен жұмыс басқармасының бас сарапшысы, Активтерді басқару департаменті мемлекет қатысатын мемлекеттік емес тұлғалармен жұмыс басқармасының бас сарапшысы, Әкімшілік жұмыс департаменті материалдық техникалық қамтамасыз ету басқармасының басшысы, Активтерді басқару департаменті мемлекеттік заңды тұлғалармен жұмыс басқармасының басшысы болған. 2015 жылғы тамыздан бастап Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің көмекшісі лауазымын атқарып келді.
Облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары – ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс және өңірлік даму бөлімінің басшысы лауазымына Қайырбек Көбекұлы Құнанбаев тағайындалды. Қ.К. Құнанбаев 1970 жылы туылған, білімі жоғары, мамандығы — саясаттанушы, әлеуметтік саяси пәндерінің оқытушысы, мемлекеттік басқару бакалавры. Еңбек жолын 1987 жылы «Чимкентсельхозстроймонтаж» тресінде электрослесарь ретінде бастаған. Кейінірек Шымкент қаласы әкімі аппараты № 8 халықпен жұмыс жүргізу бөлімінің бас маманы, ұйымдастыру-бақылау және кадрлар жұмысы бөлімінің бас маманы, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі орынбасарының референті, облыс әкімі аппараты ұйымдастыру-инспекторлық бөліміндегі облыс әкімінің бас инспекторы, басшысының орынбасары болған.2015 жылғы қаңтардан бастап облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары – ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің басшысы лауазымын атқарып келді.
Облыс әкімі аппараты ішкі аудит қызметінің басшысы лауазымына Арман Құрманғалиұлы Маман тағайындалды. А.Қ. Маман 1982 жылы туылған, білімі жоғары, мамандығы — жол қозғалысын ұйымдастыру инженері, құқықтану бакалавры.Еңбек жолын 2005 жылы Алматы облыстық Ішкі істер департаментінде ішкі істер органдарындағы қызметтен бастаған. А. Маман Алматы облысының әділет департаменті Қарасай аудандық әділет басқармасының инспекторы, Алматы облысы Талдықорған қаласы «Халыққа қызмет көрсету орталығының» Қарасай аудандық филиалының кеңесшісі, операциялық зал бастығы, жетекшісінің орынбасары, жетекші, Алматы облысы бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК филиалы Іле аудандық бөлімінің бастығы болып еңбек еткен.2015 жылғы қарашадан бастап облыс әкімі аппараты ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің протокол жөніндегі бас инспекторы лауазымын атқарып келді.
Облыс әкімі аппараты әлеуметтік-экономикалық мониторинг және талдау бөлімі басшысы лауазымына Гүлнұр Нұрбекқызы Асылбекова тағайындалды.Г.Н. Асылбекова 1979 жылы туылған, білімі жоғары, мамандығы — экономист-қаржыгер, заңгер.Еңбек жолын 2001 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы қаржы департаментінің мемлекеттік мекемелердің бюджет процедурасын бақылау бөлімінің жетекші маманы-жетекші бақылаушы-тексеруші лауазымынан бастаған. Оңтүстік Қазақстан облысы қаржы департаментінің кірістерді болжау және несиелеу мен құнды қағаздар бөлімінің жетекші маманы-жетекші экономисті, кірістерді болжау және несиелеу мен құнды қағаздар бөлімінің бас маманы, облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау департаментінің экономикалық саясат және жоспарлау бөлімінің бас маманы, облыс әкімі аппараты ішкі аудит қызметі бөлімінің бас маманы, облыс әкімі аппараты ішкі бақылау бөлімінің бас маманы-бас ревизоры, облыс әкімі аппараты экономикалық талдау, бюджет және мемлекеттік сатып алу мониторингі бөлімінің басшысы болған.2013 жылғы тамыздан бастап облыс әкімі аппараты экономикалық талдау және бюджет мониторингі бөлімінің басшысы ретінде қызмет етіп келді.
Облыс әкімі аппараты ақпараттандыру және мемлекеттік қызмет көрсету мониторингі бөлімі басшысы лауазымына Елнұр Рақымбердіұлы Өтебаев тағайындалды. Е.Р. Өтебаев 1984 жылы туылған, білімі жоғары, мамандығы ақпаратты қорғауды ұйымдастыру және қорғаныш технологиясы, экономика және бизнес бакалавры, авиакосмостық өнеркәсіптің инженерлік жұмысы, Аризона университетінің түлегі.Еңбек жолын 2006 жылы Радиоэлектрондық құралдардың электромагниттік үйлесімділігін алдын-ала талдау бөлімінің инженері болып бастаған. Өндірістік-техникалық басқармасының техникалық комлекс бөлімінің маманы, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитеті Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру басқармасы бас сарапшысы, Қазақстан Республикасы Көлік комитеті көліктегі автоматтандыру басқармасының басшысы лауазымдарын атқарған.2015 жылғы желтоқсаннан бастап облыс әкімі аппараты энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің кеңесшісі болып қызмет етіп келді.
Облыс әкімі аппараты Оңтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісің лауазымына Мұратәлі Оразәліұлы Қалмұратов тағайындалды.М.О. Қалмұратов 1977 жылы туылған, білімі жоғары, мамандығы — заңгер, экономист.Еңбек жолын 2000 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы ауыл шаруашылығының ғылыми-зерттеу институтының заңгері болып бастаған. Кейін Сайрам аудандық Әділет бөлімінің заңды тұлғаларды тіркеу саласының жетекші маманы, Оңтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінің діни істер бөлімінің бастығы, Оңтүстік Қазақстан облысы Діни істер департаментінің директоры, Облыс әкімі аппараты ұйымдастыру-инспекторлық бөліміндегі облыс әкімінің бас инспекторы болған.2015 жылғы сәуірден бастап облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары-Оңтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі болып қызмет етіп келді.
Облыс әкімі аппараты құқық қорғау органдарымен жұмыс жөніндегі және жұмылдыру жұмысы бөлімінің басшысы лауазымына Шохан Төленұлы Қоңырбаев тағайындалды.Ш.Т. Қоңырбаев 1959 жылы туылған, білімі жоғары, мамандығы — заңгер. Еңбек жолын 1976 жылы «Университетстрой» МҚБ-ның бірінші разрядтағы жұмысшы ретінде бастаған. Целиноград облысы Атбасар ауданаралық прокуратурасының стажері, Ақмола облысы Қорғалжын ауданының тергеушісі, Астрахан ауданы прокурорының орынбасары, Қорғалжын ауданының прокуроры, Астрахан ауданының прокуроры, Астана қаласы әуе көлік прокуроры, Ақмола облысы Щучинск ауданының прокуроры, Атбасар ауданының прокуроры, Степногорск қаласының прокуроры, Орталық аймақтық көлік прокуратурасы Солтүстік Қазақстан көлік прокуроры лауазымдарын атқарған. 2015 жылғы қарашадан бастап облыс әкімі аппараты ұйымдастыру – инспекторлық бөліміндегі облыс әкімі бас инспекторы болып қызмет етіп келді.
Облыс әкімі аппараты жалпы бөлімінің басшысы лауазымына Сәбит Бөрібайұлы Исабай тағайындалды. С.Б. Исабай 1977 жылы туылған, білімі жоғары, мамандығы -социолог.Еңбек жолын 1996 жылы «Қарабастау» орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі болып бастаған. Қазығұрт ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру және кадрлар жұмысы бөлімінің бас маманы, Шымкент қаласының ішкі саясат бөлімінің ақпараттық саясат және БАҚ мониторингі бөлімінің жетекші маманы, қала әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің бас инспекторы, бөлім меңгеруші, облыс әкімі аппараты ұйымдастыру-инспекторлық бөліміндегі облыс әкімінің бас инспекторы ретінде еңбек еткен.2014 жылғы тамыздан бастап облыс әкімі аппараты құжаттандыруды қамтамасыз ету бөлімінің басшысы болып қызмет етіп келді.
Облыс әкімі аппараты мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі топтың бас инспекторы-топ басшысы лауазымына Сәуле Тұралықызы Сағындықова тағайындалды. С.Т. Сағындықова 1972 жылы туылған, білімі жоғары, мамандығы — экономист-қаржыгер.Еңбек жолын 1990 жылы Шымкент қаласы Тельман қалалық тұтынушылар қоғамының сатушысы ретінде бастап, Оңтүстік Қазақстан облыстық жер қатынастары және жерге орналастыру комитетінің бухгалтер-кассирі, Х.А.Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің бухгалтері, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты құжаттандыруды қамтамасыз ету бөлімінің маманы, жетекші маманы болған.2009 жылғы ақпаннан бастап облыс әкімі аппараты құжаттандыруды қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы болып қызмет етіп келді.
Облыс әкімі аппараты Қаржы-шаруашылық (әкімшілік) бөлімінің басшысы лауазымына Сәкен Омарұлы Кенжебаев тағайындалды. С.О. Кенжебаев 1965 жылы туылған, білімі жоғары, мамандығы — инженер-механик, мемлекеттік және жергілікті басқару. Еңбек жолын 1989 жылы Москва қаласы Орталық ғылыми-зерттеу және автомоторлық институтының автомобиль двигательдері жүйесінің ғылыми-зерттеу және эксперименталдық-конструкторлық бөлімінің зерттеуші инженері болып бастаған. Москва және Шымкент қалаларында бірқатар кәсіпкерлік құрылымдарда қызмет еткен. Оңтүстік Қазақстан облысы араб тілі институтының қаржы жөніндегі проректоры, ОҚО әкімі аппараты қаржы-шаруашылық бөлімі меңгерушісінің орынбасары, әкімшілік-техникалық қызметінің басшысы, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты қаржы-шаруашылық бөлімі меңгерушісінің орынбасары — облыс әкімінің бас инспекторы, Облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары — әкімшілік-шаруашылық бөлімінің меңгерушісі лауазымдарында еңбек еткен.2013 жылғы мамырдан бастап облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары — қаржы-шаруашылық бөлімінің басшысы болып қызмет етіп келеді.
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты персоналды басқару қызметінің басшысы лауазымына Жәнібек Наушабайұлы Наушабай тағайындалды. Ж.Н. Наушабай 1981 жылы туылған, білімі жоғары, мамандығы — заңгер, әлеуметтік білім магистрі, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік басқару академиясы Мемлекеттік саясаттың ұлттық мектебі мен АҚШ — тың Дьюк универстиетінің түлегі. Еңбек жолын 2003 жылы Солтүстік Қазақстан облысы, Тимирязев ауданы «Ақсуат» ЖШС — де заңгер ретінде бастап, аталған облыста прокуратура және әділет органдарында, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органда еңбек еткен. ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Мемлекеттік қызметті кадрлық қамтамасыз ету департаменті Стратегиялық жоспарлау және ақпараттық-талдау басқармасының бастығы, Мемлекеттік қызметті құқықтық қамтамасыз ету департаменті директорының орынбасары, Құжаттамалық қамтамасыз ету, бақылау және кадр жұмысы басқармасының бастығы, Әкімшілік жұмыс бөлімі меңгерушісінің орынбасары, Ішкі бақылау қызметінің бас консультанты лауазымдарында еңбек еткен. 2015 жылғы қарашадан бастап ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлық профилактикасы департаменті Тәртіптік-әкімшілік тәжірибе және мемлекеттік қызметтер басқармасының бас инспекторы лауазымын атқарып келді.
.