Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Шымкент әкімі тұрғындарды Алғыс күнімен құттықтады
    Жаңалықтар

    Шымкент әкімі тұрғындарды Алғыс күнімен құттықтады

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа29.02.2016Updated:29.02.2016Комментариев нет1 Min Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары мен қонақтары!
    Сіздерді елімізде алғаш рет аталып өтетін 1 наурыз Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймын!
    Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Жарлығымен бекітілген бұл күнді барша қазақстандықтар үлкен қуанышпен қабылдады. Өйткені Алғыс айту күні – барша қазақстандықтарға арналған, ұлттар бірлігін жаңа деңгейге көтеретін жалпыұлттық мереке. Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күнімен тұспа-тұс келетін мейрам ұлыстар достығын нығайта түсетініне сенімдіміз.
    Қазіргі таңда елімізде 100-ден аса ұлттар өмір сүреді. Олар Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық, саяси, тарихи, мәдени дамуына өз үлестерін қосып келеді. Тарих тоғыстырған ұлттардың бекем бірлігі мен татулығы бүгінде Қазақстанның басты табыстарының бірі.
    Құрметті шымкенттіктер!
    Биылғы Қазақстан Тәуелсіздігінің мерейлі 25 жылдығын бір мүдде төңірегіне бірігіп, қарсы алған еліміз дамудың таңғажайып белестеріне жете алатынын көрсетіп отыр. Елбасы ұсынған 5 реформаның төртіншісі біртектілік пен бірлік деп аталады. Бұл түрлі тарихи себептермен қазақ топырағына табан тіреген этностардың «Мәңгілік ел» идеясы төңірегіне топтасуын көздейді.
    Баршамызға Алғыс айту күні құтты болсын! Береке-бірлігіміз берік, ырыс-ынтымағымыз нығая берсін! Ортақ шаңырағымыз – Қазақстан тыныштық пен татулықтың мәңгілік мекеніне айналсын!
    Ғ. ӘБДІРАХЫМОВ,
    Шымкент қаласының әкімі

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.