Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Жоғалған Мұхаммед Қамшыбек отбасымен қауышты
    Жаңалықтар

    Жоғалған Мұхаммед Қамшыбек отбасымен қауышты

    Айғақ медиаАйғақ медиа24.02.2016221 Views

    Алты жасар Қамшыбек Мұхаммедті ұрлаған күдіктінің тағы дәл осындай қылмысқа қатысы бар екені белгілі болды. Яғни 2013 жылы Шымкент қаласында мектеп оқушысын үйіне алып кеткен 60 жастағы азаматша кейін баланы шаһар базарларының біріне қалдырып кеткен болатын. Алайда, сол кездегі қылмыс ашылмаған еді. Енді міне, араға 3 жыл салып сол біржағдай қайталанып отыр.  Арыс қаласының тұрғыны жасаған ісін толық мойындап отыр. Алайда мұндай әрекетке не үшін барғаны белгісіз. Image1Ақпанның 20-күні іс-түссіз кеткен 1-сынып оқушысы Мұхамед Қамшыбек араға 3 күн салып,  яғни 23 ақпан күні Арыс қаласы Сырдария елді мекенінен табылды. 6 жасар бала жоғалды дегенде шұғыл жүргізілген іздеу шараларына қазақстандықтардың барлығы белсенді атсалысты.  Бұқаралық ақпарат құралдары, ғаламтор белсенділері, еріктілер тобы мен ата-ана, туған-туыс шарасыз күйге түсіп еді. Мұхаммедті көріп, құқық қорғау органдарына алғаш хабар берген аталған ауылдың тұрғыны. Бүгінгі таңда баланы ұрлаған 1956 жылғы  азаматша да табылып, қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде. Айта кетейік, күдіктінің бір ұл, бір қызы бар екен.12744202_193982684296013_5007825720058167304_nМұхаммед Қазыбекұлының хал жағдайын білу үшін Ордабасы ауданына арнайы барып қайттық. Жоғалған баланың айтуынша, оны өзімен бірге ертіп кеткен  Балжан есімді азаматша оған қолының ұшын тигізбей, ас ауқатын уақтылы беріп отырған. Үйде тағы ер азаматтың бар екенін және өзінің күндіз балалармен аулада ойнағанын да айтып отыр. Қазіргі таңда сот медициналық сараптама жүргізілді. Нәтижесінде, балаға ешқандай зақымның келмегені, жағдайының бірқалыпты екендігі анықталды.  Перзентінен көз жазып қалған ата-ана тұңғыш ұлдарының аман-есен орталарына оралғанына қуанышты. аяулы ана ұлының  жоғалып кеткеніне бейжай қарамаған көпшілікке, БАҚ-на ризашылығын білдіруде. Айта кетейік, күдікті деп танылған екінші азаматша Сүйіндік Сәндікүлдің бұл қылмысқа еш қатысы жоқ болып шықты.

    Еңлік ЗАМАНХАН

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІГІ

    28.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ӨНЕРНДІҢ ЖАҢҒЫРУЫ

    27.11.2026

    ҰЛТТЫҚ НАҚЫШ ПЕН ЗАМАНАУЫ СӘН ҮЙЛЕСІМІ

    27.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.