Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»«Таза қала» атануға әрбір тұрғын үлес қосуы керек
    Жаңалықтар

    «Таза қала» атануға әрбір тұрғын үлес қосуы керек

    Айғақ медиаАйғақ медиа24.02.2016200 Views

    Сейсенбіде Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов Абай ауданы әкімдігінің активімен кездесіп, аудан аумағындағы бірқатар мәселелер бойынша ашық әңгімелесу өткізді. Әрі аталмыш аудандағы бірқатар нысандардың жұмысымен танысты. Әуелі, қаладан 15 шақырым қашықтықтағы Ақтас полигонындағы тұрмыстық қатты қалдықтарды өңдейтін зауыттың құрылысында болды. Онда қоқыс тасымалдаудағы проблемалар бойынша тиісті сала мамандарына тапсырма берді. 12747286_1701459140100446_5275160331135481868_o-Тұрмыстық қатты қалдықтар тиелген көліктердің төбесі арнайы жамылғымен жабылуы тиіс. Себебі, төбесі ашық көліктен ұшқан қоқыстар төгіліп, шаһардың ірі жол дәлізін ластауда. Жергілікті полиция қызметінің мамандары қатаң қадағалау жүргізіп, талапқа сай жұмыс істемеген көлік иелеріне айыппұл салуы керек, — деді шаһар басшысы.12771523_1701459226767104_2706221546056035823_oОдан ары Еңбекші ауданына қарасты Чапаевка елді мекеніндегі апатты кәріз коллекторының жұмысымен танысты. 1964 жылы салынып, 3-4 метр тереңдікте жатқан 5,6 шақырымды құрайтын құбырларға бүгінгі таңда мердігер мекеме тарапынан жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Шаһар басшысы жауапты мамандарға кәріз құбырларын ауыстыру барысында бұзылған жол бөліктерін тездетіп қалпына келтіріп, көлік іркіліссіздігіне кедергі келтірмеуін талап етті.
    Шаһар басшысы қазіргі таңда күрделі жөндеуден өтіп жатқан Қапал батыр көшесінің бойындағы теміржол көпірінің жұмысымен танысты. 18 метрге дейін кеңейтілуі тиіс көпір уақытылы аяқталса, көлік қозғалысын реттеуде айтарлықтай сеп болары анық. Жұмысшы топ қаланы Төлеби және Сайрам ауданының бірқатар елді мекендерімен байланыстыратын көпір құрылысын тез арада пайдалануға беруге еңбек етіп жатқандығын жеткізді. 12768308_1701459143433779_5115224864004620489_o (1)Қала тазалығын қадағалау үшін шаһар басшысы Қапал батыр көшесін аралады. Мұндағы ретсіз жарнама маңдайшалардың шаһардың сәнін кетіріп, сауда дүңгіршектерінің қоғамдық ортада тазалық сақтамайтындығын сынға алды. Осыған орай әкім орынбасарларына тазалық мәселесін үнемі басты назарда ұстау керектігін айтты.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ПУМСЭ ТАЕКВОНДОСЫ РЕСМИ МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ

    18.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАҒА – 33 ЖЫЛ

    18.11.2026

    ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУЕТІ

    18.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.