Бүгін, яғни 23 ақпан күні Ордабасы ауданы, Амангелді ауылының кішкентай тұрғыны Мұхаммед Қамшыбек табылды. Бұл туралы ОҚО ІІД -ның қызметкерлері хабарлайды. Арыс қаласынан табылған 1 — сынып оқушысының қазіргі жағдайы бірқалыпты, ата-анасының жанында. Кішкентай бүлдіршінді сол күні алып кеткен бейтаныс әйелдің жанынан тапқан. Еске сала кетсек, 20 ақпан күні Мұхаммед Қамшыбек мектептен үйіне оралмаған. Соңғы рет баланы көрген такси жүргізушісі Мұхаммедті бейтаныс әйелдің жанынан көрген болатын. Күдікті ұсталып, тергелуде.
ОТАНДЫҚ БРЕНДТЕРДІ ТОҒЫСТЫРҒАН ЖӘРМЕҢКЕ
Отандық брендтерді бір алаңға тоғыстырған «Terra Fashion» жобасы биыл бесінші маусымын өткізді. Бұған дейін жабық ғимараттарда ұйымдастырылып келген жәрмеңке бұл...










