Оңтүстіктің өнерпаз оқушысы Халықаралық «Сопрус» байқауынан жүлделі оралды. Эстония Республикасында өткен классикалық ән байқауында жерлесіміз Карина Нажмеддинова 1 — орында иеленген. Тыңдарманның жүрегіне жол тапқан әнші қыз осыған дейін облыстық «Балалар Романсиадасы — 2015» байқауының жүлдегері атанған болатын. Ақпан айының 10 — 17 күндері аралығында өткен өнер додасында сонымен қатар, облыстық опера және балет театрының өзге де әртістері қатысып, эстондық тыңдармандарды қазақ классикалық музыкасымен таныстырып, Ұлы дала елінің өнеріне тәнті етті.