Оңтүстік Қазақстан облысында 1 млн 337 мыңдай сайлаушы бар екені анықталды. Осылай деп мәлімдеген облыстық сайлау комиссиясы 20-наурызда өтетін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен жергілікті мәслихат депутаттарын сайлауға деген дайындықтың қызу басталып кеткенін жеткізді. Бүгінге дейін Халық қалаулысына үміткерлікке өңірімізден 1279 азамат ұсынылған болса, оның 193-і облыстық мәслихатқа, 294-і қалалық, ал өзгесі аудандық мәслихаттарға кандидатурасын ұсынып отыр. Саяси науқанның барысын сонымен қатар, Сайлауалды бақылау жөніндегі республикалық қоғамдық комиссия да назарда ұстайтын болады. Жалпы облысымызда 1074 сайлау учаскесі бар болса, оның әрбіріне тиісінше байқаушылар белгіленбек. Арнайы оқу-тәжірибеден өткен байқаушылар халық қалаулыларын анықтайтын саяси доданың әділ және заң талаптарына сай өтуіне атсалысады.
ЖҰМЫС ЖӘРМЕҢКЕСІ
Қазір жұмысқа орналасу үшін әр есікті қағып, қағаз толтырып, арнайы залда тест тапсырып әуре болудың қажеті жоқ. Үйде отырып-ақ, Еqyzmet.gov.kz...