Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Облыс әкімі Б.Атамқұлов жыл жұмысын қорытындылады
    Жаңалықтар

    Облыс әкімі Б.Атамқұлов жыл жұмысын қорытындылады

    Айғақ медиаАйғақ медиа18.02.2016263 Views

    Облыс әкімі Бейбіт Атамқұлов шетелдік тәжірибені Оңтүстік өңірінің даму жоспарына ендіруді қолға алып отыр. Бұл батыл бастамалар Елбасының дамудың даңғыл жолындағы негізгі қадамдарын айқындап берген жұмыстармен үйлесім табады. Өткен жылы еңсерілген елеулі істер назардан тыс қалдырылмады әрине. Аймақ басшысының  халық алдындағы есеп беру жиынының негізі — даму тұжырымдамаларын жүзеге асырылатындығымен ерекшеленді. Осы арқылы облысты 8 бағыт бойынша өркендетуді міндеттемек.
    DSC_0456

    DSC_0448Таңертеңнен  Түркістан сарайына жиылған жұрт облыс басшысының жұмыс жоспарларынан әлі де бейхабар еді. Халық қалаулылары, ел ағалары, аудан-қаладан келген зиялы қауым өкілдері көптен көріспеген көз таныстар арқа-жарқаласып амандығын сұрасып жатты. Мұндай басқосулар кей кейде – бірімен пікір алмасып, жөн сұрасу үшін қажет-ақ. Өйткені, қазыналы қарттарымыз бен білікті мамандардың тоғысатын бірден бірден орын осындай кездесу жиындар. Иә, осылайша, сағат 11-ге жоспарланған бағдарлама дәл уақтысында жалғасты.  Жыл басталғалы аудан-қала әкімдері жергілікті ауыл әкімдіктерінде халық алдында есеп беріп, көп мәліметті түгендеп алғаны белгілі. Сондықтан да, көпке  созылмаған арнайы бейнеролик 10 минут көлемінде өткен жылға сараптама жасап, атқарылған жұмыстардан хабардар етті. Сонымен, 2015  жылы өнеркәсіп саласында 668,5 млрд теңгенің өнімі өндіріліп, республикада біздің облыс 5 орынды иеленіпті. Ал, өнеркәсіпте жаңа технологияларды ендіру 18 пайызға артып отыр. Инвестиция көлемі де 143 млрд-ты құрап, 58 жаңа  жоба іске асырыла бастаған. Ал, биылдың өзінде құны 145 млрд-теңгені құрайтын 142 жоба мақұлданған. Ауылшаруашылығы саласында жалпы өнім көлемі 344,6 млрд. теңгенің көлемінде.  Кәсіпкерлікті қолдау бойынша әкімшілік барьерлерді азайтуға барынша күш салынып жатқан көрінеді. Осы ретте, өңірдің алдағы даму жоспарын айқындаған облыс әкімі Бейбіт Бәкірұлы алдағы бесжылдықта ауылшаруашылығы  саласын реформалаудың бес бағыты жүзеге асыралытындығын атап өтті.DSC_0457Бұл концепцияларға сәйкес, әр ауданның басым бағыттары айқындалып, сол белдеуге сай шаруашылықтар қолға алынады. Мәселен, таулы аудандарда бау-бақша өндірісі жолға қойылса, өзен жағалауларына суармалы егістік жолға қойылады. «Ақылды аймақ» кластері. Яғни, қоғамның әр саласына ІТ технологияны көптеп енгізу жоспарланып отыр. Оңтүстіктің өзіндік брендін дамыту арқылы отандық өнімнің өрісін кеңейтуге  болады. Ол, кәмідгі ағылшыын тіліндегі on жазуы. Ашық деген мағынаны білдіретін бұл сөз Оңтүстік өңірінің болашағын көрсетіп қана қоймай, брендтік тауарлардың негізі болмақ.  Сондықтан да Welcome to Ontustik.DSC_0474Білім спорт, мәдениет, энергетика, табиғи газ саласының әрбірі де назардан тыс қалаған жоқ. Әсіресе, туристік жобалар өңір әлеуетінің негізін көрсетпек. Облыс танымалдылығын арттыру үшін «Жаңа брендинг» саясаты жүзеге асырылғалы жатыр. Бұл бастамалардың барлығы сайып келгенде жұмыссыздық  деңгейінің азайып, әлеуметтік мәселелердің шешілуіне сеп болады.DSC_0428

    1111

    Бұл күні облыс басшысына жолданған сауалдардың қарқыны жоғары. Маңызды мәселенің жауабын естігісі келген жұрт алдын ала хат арқылы көңілдегі керуенін жолдап та қойған. Енді бірі зал ішіне қойылған микрофондар арқылы сауалдарына жауап  ала алды. Өз орнына бағыт алған әкімнің тіпті, уақыттың тығыздығына қарамастан шымкент қаласының  тұрғынының мына бір уәжіне құлақ асып, зал ортасында  жауап беруге тырысты. Мәселенің мән жайын қарап, арнайы мамандардың жауабы  қажет екендігін де ескерген облыс басшысы алдағы уақытта нақты шешім қабылдайтындығын жеткізді. Бұл білікті басшының іскерлігін көрсеткендей. Ал, тыңдарман қауымның жаңа бастамаларға деген ықыласы ерекше.

    Салтанат ТОЙБОЛОВА

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ПУМСЭ ТАЕКВОНДОСЫ РЕСМИ МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ

    18.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАҒА – 33 ЖЫЛ

    18.11.2026

    ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУЕТІ

    18.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.