Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Оңтүстікте елімізде теңдесі жоқ жаңғақты алқап құрылмақ
    Жаңалықтар

    Оңтүстікте елімізде теңдесі жоқ жаңғақты алқап құрылмақ

    Айғақ медиаАйғақ медиа17.02.2016280 Views

    «Шымкент» ӘКК» ҰҚ» АҚ «Қарқынды бақтар» агро-аймақ жобасы туралы бастама жасап, қарқынды алма және жаңғақ бақтарын өсіру жобасын қолға алмақ. Ауданы 1 мың гектар болатын алма және жаңғақты алқабы Қазығұрт ауданындағы Қаржан тау жотасының солтүстік-батыс баурайынан құрылмақ. Алқапта АҚШ-тың Калифорния штатында өсірілетін «чандлер» сұрыпы өсірілетін болады.  Еліміз бойынша теңдессіз жоба болып табылатын плантация егіс алаңын ұлғайту арқылы грек жаңғағы өнеркәсіптік өндірісін ұлғайтуға мүмкіндік бермек. Тамшылатып суару арқылы өсірілетін жемістер еліміздегі импорттық жаңғаққа тәуелділікті азайтып, жаңғақ сұранысын қанағаттандыруға сеп болмақ. Аталған жобаны жүзеге асыруға «БАЗИС» холдинг компаниясы қызығушылық танытып отыр. Осылайша, Қазақстанның жаңғақты өндіру мен экспорттау бойынша әлемдік көшбасшы болуға барлық мүмкіндігі бар. Жаңғақ бизнесі Қазақстанда агроөнеркәсіптік кешеннің бір сегменті болып табылады. Келешекте бұл жоба елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің және әлемдік экономикаға бірігудің маңызды факторларының біріне айналуы мүмкін.  Айта кеткен жөн, бүгінгі күні грек жаңғағының өзегі әлемдік нарықта жоғары сұранысқа ие өнім болып табылады. Бағалауға сәйкес, тек Еуропалық одақ елдерінде қазірдің өзінде грек жаңғағының тапшылығы 180 мың тоннадан асады. Жыл сайын аталған жеміске сұраныс арта түсуде.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ПУМСЭ ТАЕКВОНДОСЫ РЕСМИ МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ

    18.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАҒА – 33 ЖЫЛ

    18.11.2026

    ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУЕТІ

    18.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.