Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Түлкібаста тындырымды тірлік бар
    Жаңалықтар

    Түлкібаста тындырымды тірлік бар

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа12.02.2016Updated:12.02.2016Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Жүз он мыңға тарта тұрғыны бар  Түлкібас  ауданының әкімі Қайрат Әбдуәлиев  БАҚ өкілдеріне 2015 жылы  атқарылған жұмыстар бойынша есеп берді. Негізінен ауыл шаруашылығы мен кәсіпкерлік салалары бойынша табысты жұмыс жасап жатқан ауданның жалпы өңірлік өнім көлемі былтыр 37 млрд. 852 млн. тенгені құраған. Ал оның 19 млрдқа жуығы ауыл шаруашылығы саласына тиесілі болса, өнеркәсіп саласында да өсім байқалады. Әсіресе алма бау шаруашылығын ендіруде көш бастап тұрған Түлкібас  өңірінде туризм  саласын жандандыруға қатысты бірқатар ауқымды бастамалар қолға алынып отырған жайы бар.Image2БАҚ өкілдеріне  ағымдағы жылы атқарылған жұмыстарды баяндаған Түлкібас ауданының  әкімі Қайрат Әбдуәлиев  өз есебін алдымен қаржы, экономикалық әлеуетінен бастады. Айтуынша ауданның  нақтыланған бюджет көлемі 11 млрд. 832 млн. тенгеге таяп, 112,5 пайызға орындалған. Ал өнеркәсіп саласында 2015 жылы 18 млрд. 754 млн. тенгенің өнімі өндіріліп, сәйкес мерзіммен салыстырғанда нақты көлем индексі 105,1 пайызға жетіп отыр екен. Сондай-ақ, шағын және орта кәсіпкерлік саласында өнірілген өнім көлемі  32 млрд. 789 млн. тенгеге жетіп, бұл саладан жергілікті бюджетке түскен салық көлемі 258 млн. тенгені құраған. Түлкібас  өңірінің ауыл шаруашылық саласында да серпіліс мол. Айталық мал басы және одан алынатын өнімдер 2014 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда асыра орындалып, өткен жылы 600 гектар жерге тамшылатып суару технологиясы ендірілген.Image4Сонымен қатар, пайдаланылмай бос жатқан жерлерді түгендеу жұмыстарының нәтижесінде 639 гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылыпты. Әсіресе ауданда алма бауларды қайта жаңғырту жеміс-жидекті аймаққа айналдыру мақсатында 2015 жылы 725 гектар жерге алма бау егіліп, бүгінде алма алқаптарының көлемі 2791 гектарға жетіп отыр екен. Ал, Түлкібас ауданының  құрылыс саласында да былтыр қыруар тірлік атқарылған. Мәселен, дәл қазіргі таңда аймақ бойынша 32 және 64 пәтерлік  екі тұрғын үйдің  құрылысы жүріп жатыр екен. Міне осының нәтижесінде биылғы жылы  96  отбасыға тұрғын үй кілтін тапсыру жоспарлануда. Сондай-ақ, аудандағы апатты мектептер мәселесін шешу мақсатында облыстық және аудандық бюджет қаржысы есебінен өткен жылы 4 мектеп салынып пайдалануға берілсе, биыл қыркүйек айына дейін тағы 4 білім мекемесінің құрылысы аяқталып  тапсырылады деп күтіліп отыр.  Осылай деген Қайрат Амангелдіұлы  ауданда елді мекендерді ауыз су және көгілдір отынмен қамту көрсеткіші биыл  100 пайызға жететіндігін айтады. Мұнан өзге  денсаулық сақтау, спорт, мәдениет салалары бойынша атқарылған жұмыстар мен  ауданның әлеуметтік саладағы көрсеткіштеріне жан-жақты  тоқталған  Қайрат Амангелдіұлы БАҚ өкілдерінің сан салалы сауалдарына да жауап берді.

    Абай Омар

     

     

     

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.