• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сенбі, Мамыр 9, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Шымкенттің әкімі Ғабидолла Әбдірахымов халық алдында есеп берді

02.02.2016
0

Елбасы Жарлығына сәйкес барлық денгейдегі әкімдердің халық алдында есеп беру кездесулеріне сәйкес Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов та шаҺар тұрғындары алдында 2015 жылы атқарылған жұмыстарды баяндап өз есебін қорытындылады. Өткен жылдың жетістіктері мен шешімін тапқан мәселелер айтылып тұрғындардың талап-тілектері тыңдалған басқосуда еңбегіне қарай әкім жұмысы да бағаланып  жатты.акимШымкент қаласының  әкімі Ғабидолла Әбдірахымовтың 2015 жылдың қорытындысы мен алда тұрған міндеттері туралы есепті кездесуіне шаһарға қарасты 4 ауданның тұрғындары мен әкімдікке қарасты бөлім басшылары, ардагерлер, облыстық және қалалық мәслихат депутаттары, зиялы қауым өкілдері және құқық қорғау органдарының басшылары қатысты.  Сондай-ақ, есепті кездесуге  облыс әкімі Бейбіт Атамқұлов пен Президен әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы да арнайы келген. Осы орайда милионды қала атануға нық қадам басқан Шымкент шаһарында 2015 жылы атқарылған ауқымды жұмыстар алдымен арнайы бейне экран арқылы көпшілік назарына ұсынылды. Тек өткен жылдың өзінде талай әлеуметтік мәселелер өз шешімін тауып мемлекеттік бағдарламалар аясында қыруар жұмыстар атқарылғандығы жан жақты талданған арнайы бейнематериал көрсетілімінен соң қала басшысы Ғабидолла Әбірахымов баяндама жасап негізгі салалардағы көрсеткіштерге тоқталып өтті. Оның айтуынша өткен жылдың қорытындысы бойынша шахардың жалпы әлеуметтік дамуын сипаттайтын негізгі көрсеткіштерде өсім бар. Мәселен былтыр жергілікті халық саны 884 мың 100 адамды құрап 2014 жылмен салыстырғанда 24,7 пайызға өскен. Ал өнеркәсіп өнімінің көлемі 289 млрд  100 млн тенгеге жетіп 3,7 пайызға артып отыр екен.12440671_1693910614188632_3042677952406844574_o

Ауыл шаруашылығы саласының үлесі де 9 пайызға ұлғайған. Осылай деген қала әкімі тұрғындар үшін бірінші кезекте шешімін табуды қажет еткен өзекті  мәселелердің де шешілу барысына тоқталды. Сондай-ақ, инженерлік инфрақұрылымды дамыту бағытында ауыз сумен қамтамасыз ету, және кәріз жүйелері бойынша 2015 жылы жергілікті бюджеттен 13 жобаны жүзеге асыруға 1 млрд 697 млн қаржы бағытталған. Нәтижесінде 2 шағын ауданда ауыз су құбырларының құрылысы аяқталып, 30 мыңнан астам тұрғындар ауыз сумен қамтамасыз етілген. Ал 9 шағын ауданды электрмен қамтамасыз ету жұмыстарын сәйкес былтыр 3 елді мекендегі электр желісінің құрылыс жұмыстары толық аяқталып, 29 мыңнан астам халықты сапалы электр қуатымен қамтамасыз етуге мүмкіндік жасалған. Шымкент қаласында демографиялық өсімнің жоғары болуына байланысты оқушылар санының өсімі заңды құбылыс. Сондықтан қалада білім нысандарын дамыту басты міндеттердің бірі. Осылай деген Ғабидолла Әбдірахымов 2015 жылы жалпы саны 18 білім беру мекемелерінің құрылыстары жүргізіліп 10-ы пайдалануға берілгенін атап өтті. Оған қоса былтыр 6 мектеп пен 7 балабақшаға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген. Міне осындай кешенді жұмыстар нәтижесінде биыл Шымкентте апатты мектептер мәселесі 100 пайыз шешімін тапқалы отырса, 2018 жылы үш ауысымды мектептер проблемасы да толықтай шешімін таппақ. Осылайша жан-жақты талдаулар жасай отырып алдағы мақсат міндеттерге тоқталған әкім жұмысын мінбеге шығып сөз алған азаматтар да жоғары бағалап, көкейтесті ұсыныс пікірлерін де ортаға салып жатты.12640236_1693911077521919_959740701188639011_o

12628389_1693911314188562_6107342207158042054_oМіне осылайша мінбеге шығып сөз алған азаматтардан соң есепті жиынға қатысқан көпшілік  қала әкіміне тікелей сұрақтарын да қойып жатты. Айта кету керек тұрғындарды толғандырған мәселелердің көпшілігі жолдардың жайы мен көшелерді  жарықтандыру, балалар ойын алаңшаларына  қатысты. Бұл күні сауал жолдаған азаматтардың басым бөлігі осындай мазмұндағы  аудан денгейінде-ақ жергілікті әкімдермен шешілетін мәселелерді  айтып жатты. Ал бұған дейін Шымкент қаласына қарасты 4 бірдей аудан әкімдері кем дегенде үш реттен өз аудандары аумағында есеп беріп үлгергендерін ескерсек бұл күнгі сауалдардың көпшілігі  сол есепті кездесулерде қойылу керек еді. Алайда Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Рахматоллаұлы қойылған сұрақтардың ешбірін де жауапсыз қалдырмады. Милионды шаһарға әкім болып тағайындалғалы 5-айға жуық уақыт  ішінде тындырымды тірліктер жасай білген басшы әрбір азаматтың сауалына мұқият ден қойып, басым көпшілігін шешіп беруге уәде етті.  Тіпті есеп беру жиыны екі сағатқа деп белгіленгенімен қойылған сауалдардың көптігі жиналыс уақытын үш сағатқа жуықтатты.12628472_1693911180855242_5508541851968695229_oАл жиын соңында қорытынды сөз сөйлеген облыс басшысы Бейбіт Атамқұлов қаланың даму бағыттары жолындағы жұмыстарды жүйелей келе орамды ойлары мен ұсыныс пікірлерін де ортаға салды. Бейбіт Бәкірұлы қала қазынасының да көлемі жыл санап артып келе жатқандығын айта келе бұл бағыттағы жұмыстарды жандандыра түсу қажеттігіне тоқталды. Бұл тұрғыда қала экономикасының қуатты болуы тікелей салық түсімдеріне байланысты. Үш  сағатқа жуық уақытқа созылған есепті жиынға қатысып шыққан көпшілік қала әкімінің жұмысын лайықты бағалап жатты.

Абай ОМАР

 

 

 

 

Бөлісу5TweetPin

Ұқсас жазбалар

ҚАРАТАУҒА 4,2 МЛРД ТЕҢГЕ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛҒАН

ЖӨНСІЗ ҚОЙЫЛҒАН ЖОЛ КЕДЕРГІЛЕРІ

Айғақ медиа
01.05.2026
0

Қоғамдық кеңес отырысы бұл жолы өткір сұрақтар мен өзекті мәселелерге толы болды. Жол қауіпсіздігі сынға алынып, рұқсатсыз орнатылған жол кедергісінің...

ҚАРАТАУҒА 4,2 МЛРД ТЕҢГЕ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛҒАН

ҚАЗЫНА ҚАРЖЫСЫ ҚАЙДА ЖҰМСАЛДЫ?

Айғақ медиа
01.05.2026
0

2025 жылы қала бюджеті бірнеше рет нақтыланып, жалпы көлемі 891,5млрд теңгеге жетті. Жыл қорытындысында түсімдер жоспары артығыменорындалғанымен, кейбір салаларда қаржы...

ҚАРАТАУҒА 4,2 МЛРД ТЕҢГЕ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛҒАН

ҚАРАТАУҒА 4,2 МЛРД ТЕҢГЕ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛҒАН

Айғақ медиа
01.05.2026
0

Жыл басынан бері Қаратау ауданындағы құрылыс жұмыстарына 4,2 млрдтеңге инфестиция тартылған. Бұл туралы қоғамдық кеңестің отырысында аудан әкімі айтты.Жиында Қаратау...

ПСИХОЛОГ МАМАНДАР ТАПШЫ

ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАРҒА ГРАНТ САНЫ АРТАДЫ

Айғақ медиа
30.04.2026
0

Алдағы оқу жылында Шымкенттегі колледждерге 6 мың грант бөлінбек. Сонымен қатар, жоғары оқу орындарының студенттеріне әкімдіктің қолдауымен 1 млрд теңгеге...

Elementor #134695

ПСИХОЛОГ МАМАНДАР ТАПШЫ

Айғақ медиа
30.04.2026
0

Шымкентте жасөспірімдердің психологиялық жағдайымен айналысатын арнайы орталық жұмыс істейді. 2025 жылы құрылған мекеменің негізгі міндеті – суицидтің алдын алу. Алайда,...

ҮКІМЕТ ҚР КОНСТИТУЦИЯСЫН ТҮСІНДІРУ ЖӨНІНДЕГІ ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫН БЕКІТТІ

ҮКІМЕТ ҚР КОНСТИТУЦИЯСЫН ТҮСІНДІРУ ЖӨНІНДЕГІ ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫН БЕКІТТІ

Айғақ медиа
06.04.2026
0

Қазақстан Республикасының Үкіметі 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясын түсіндіру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітті. Тиісті қаулыға Премьер-министр...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.