Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 28 қаңтар 2016 жылғы бұйрығымен Сұлтан Орманов атқарып отырған Сайрам ауданының прокуроры қызметінен босатылып, Шымкент қаласы Абай ауданының прокуроры қызметіне тағайындалды.
Сұлтан Шатемірұлы 19.08.1966 жылы туылған, білімі жоғары, Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік Ұлттық университетін «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген. Сыныптық шені — аға әділет кеңесшісі. Прокуратура органдарындағы еңбек жолын 1994 жылдың қараша айында Оңтүстік Қазақстан облысының табиғат қорғау прокурорының көмекшісі қызметіне стажердан бастаған. Осы прокурордың көмекшісі, облыс прокуратурасының әлеуметтік экономикалық саладағы заңдылықты қадағалау бөлімінің прокуроры, бөлім аға прокуроры, басқарма аға прокуроры, Түркістан қаласы прокурорының орынбасары, облыс прокуратурасының әлеуметтік экономикалық саладағы заңдылықты қадағалау басқармасының аға прокуроры, Шымкент қаласы прокуратурасының әлеуметтік экономикалық саладағы заңдылықты қадағалау бөлімінің бастығы, Шымкент қаласы прокурорының орынбасары, Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы прокурорының орынбасары, Арыс ауданының прокуроры, облыс прокуратурасының мемлекеттік органдар қызметінің заңдылығын қадағалау басқармасының прокуроры, облыс прокурорының аға көмекшісі, облыс прокуратурасының әлеуметтік экономикалық саладағы заңдылықты қадағалау басқармасының прокуроры, облыс прокуратурасының сотта мемлекет мүддесіне өкілдік ету басқармасы бастығының орынбасары болып еңбек еткен Сұлтан Орманов бұл тағайындауға дейін Сайрам ауданының прокуроры қызметтерін атқарған.