ОҚО Төтенше жағдайлар департаменті облыстық әкімшілік орталығының ғимаратында сейсможаттығу өткізді. «Азаматтық қорғау мемлекеттік жүйксінің басқару органдарын дайындау» тақырыбында өткен шараның мақсаты жер сілкінісі кезіндегі іс-әрекеттерді пысықтауға бағытталған. Сондай ақ төтенше жағдай кезіндегі құлақтандыру жүйесінің дайындығын тексеру болып табылады. Осы мақсатта хабарландыру жүйесі бойынша дабыл беріліп 16 қабаттан тұратын әкімшілік ғимаратынан шұғыл арада 700- ге тарта қызметкер қауіпсіз аймаққа шығарылды. Айта кету керек өткен жылы ғана пайдалануға берілген жаңа әкімшілік ғимаратына «Вестник» құлақтандыру жүйесі орнатылған. Ал оның көмегімен төтенше жағдай кезіндегі дабыл сигналы 3 шақырымға дейін еркін таралады. Сондықтан Шымкент қаласындағы ең биік нысанның дайындығы мен мұндағы қызметкерлердің жер сілкінісі кезіндегі әрекеттерін пысықтап алған төтенше жағайлар қызметі мұндай жаттығу шараларын әрбір тоқсан сайын өткізуді жоспарлап отыр.
ТАМАРА ДҮЙСЕНОВА — ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ КӨМЕКШІСІ
Мемлекет басшысының Жарлығымен Тамара Босымбекқызы Дүйсенова Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды. Тамара Дүйсенова 2023 жылдан бері...