Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Еңбекші ауданында абаттандыру жұмыстары қарқын алмақ
    Жаңалықтар

    Еңбекші ауданында абаттандыру жұмыстары қарқын алмақ

    Айғақ медиаАйғақ медиа29.01.2016251 Views

    Шымкент әкімі Ғабидолла Әбдірахымов Еңбекші ауданының әкімі Ғалымжан Ильясовтың жылдық есебіне қатысты. Аудан басшысының айтуынша аталмыш ауданда 180 өндірістік өнеркәсіп орындары орналасқан. Оның ішінде өткен 2015 жылы «Үдемелі индустриялды-инновациялық даму бағдарламасы» аясында және жеке инвестиция негізінде 10 өндірістік кәсіпорын 1000-нан астам жаңа жұмыс орындарымен іске қосылыпты. Аудан әкімі аппаратының ұсынысымен «Әлем — БТ» ЖШС-на 20 мүмкіндігі шектеулі азамат жұмысқа орналастырылды. Ауданда 2015 жылы жаңадан 672 шағын кәсіпкерлік субъектілері тіркелген. 2016 жылы индустриялды- инновациялық даму бағдарламасы аясында 24 жобаның іске қосылуы жоспарлануда. Еңбекші ауданы әкімінің баяндамасына сүйенсек, ауданда 1 жоғары оқу орны мен 8 колледжде 16140 студент, 36 орта мектептерде 40674 оқушы білім алуда. 26 мемлекеттік және 36 жеке меншік мектепке дейінгі мекемелерде 11525 бала болса, оның 2934-і мемлекеттік тапсырыс бойынша тәрбиеленуде. Есепті кезеңде 600 орындық 6 жекеменшік балабақша ашылып, 2014 жылмен салыстырғанда балабақшамен қамтылған балалардың саны 1,8%-ға артты.12525596_1691941067718920_4571451123975966388_oЕсептік жиынына қатысқан көпшілік аудан әкімінің жұмысын қанағатанарлық деп бағалап, қала әкіміне алғысын білдірді. Жиын соңында тұрғындар өз көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, тұшымды жауап ала білді. Солардың бірі, аудан аумағындағы абаттандыру жұмыстары болатын. Мәселен, 15 шағынауданында тұратын көпшіліктің көкейіндегі осы сауалға шаһар басшысы жауап беріп, оңтайлы шешілетінін айтып, салалық бөлімдерге тапсырма берді. 12615764_1691941057718921_4448035104467084341_oАтап айтар болсақ, қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов алдағы жазда құны 8 млн. теңгелік абаттандыру жұмысын жасап беруге және құрылыс үшін бюджеттен қаражат бөлуге атсалысатынын жеткізді.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ПУМСЭ ТАЕКВОНДОСЫ РЕСМИ МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ

    18.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАҒА – 33 ЖЫЛ

    18.11.2026

    ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУЕТІ

    18.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.