Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон өзінің қызын президент атқару аппаратының басшысы етіп тағайындады, деп хабарлады ҚазТАГ ақпарат агенттігі Тәжік телеграф агенттігіне сілтеме жасай отырып. «Тәжікстан президентінің қызы, қазір енді Республика сыртқы істер министрінің экс-бірінші орынбасары Озода Рахмон бүгін Эмомали Рахмонның жарлығымен президент атқару аппаратының басшысы болып тағайындалды», — деп хабарлады президенті баспасөз қызметінен. Ол аталған қызметте Бахтиёр Худоёрзоданы алмастырды, ал ол Орталық сайлау комиссиясын басқаратын болды. Әзірге ТР СІМ бірінші орынбасарлығына кім тағайындалатыны айтылмайды.
38 жасар Озода Рахмон – тарих ғылымдарының кандидаты, төтенше және өкілетті елші дипломатиялық шені бар, 5 баланың анасы.